Жарияланған: 12.06.2017
2017 жылғы 29 мамырдан 2 маусымға дейін Литва, Вильнюс қаласында Физикалық ғылымдар мен технологиялар орталығы ұйымдастырған, ENVIRA 2017 қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі Халықаралық конференция өтті. Конференцияда жер (атмосфера, гидросфера, биосфера және т.б.) және теңіз (теңіз суы, биота, түптік шөгінділер және т.б.) орталары зерттеулеріндегі табиғи және антропогенді радионуклидтер мен изотоптарды қолдану туралы жаңа ғылыми білімдер ұсынылған. […]
Жарияланған: 14.06.2024
2024 жылғы 10-12 шілде аралығында Гранада қаласында (Испания) Радиацияны қолдану жөніндегі халықаралық конференция – International Conference on Radiation Applications (RAP 2024) өтті. Конференцияға әлемнің түрлі елдерінен келген радиациялық физика, химия, медицина, биология және экология саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Радиоэкология» секциясына радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің […]
Жарияланған: 20.04.2018
2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Обнинск қаласында «МИФИ» (МИФИ ҰЗЯУ АТЭИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалы – Атом энергетикасы институты базасында «Техногенді жүйелер және экологиялық қатер» ІІ Халықаралық (XV Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында радиоэкология, ядролық және жылу энергетикасы салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды. «Иондаушы емес және иондаушы сәулелену әрекеттерінің экологиялық аспектілері» […]
Жарияланған: 28.07.2020
Судағы радионуклидтердің құрамын бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі. Мониторинг жүргізу кезінде радионуклидтердің жергілікті «аялық» шоғырлануын анықтау маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Радиациялық өлшемдердің нәтижелерін аялық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған ортаның сапасының өзгеруінде қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын құруға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған […]
Жарияланған: 06.05.2023
РҚ ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы негізгі қызмет түрінің маңызды кезеңдерінің бірі әртүрлі зерттеліп жатқан аумақтардағы, Семей сынақ полигонын қоса алғандағы, экспедициялық (далалық) жұмыстарды жүргізу болып табылады. Жоспарланған жұмыстар көлемінің үлкен болуына байланысты экспедициялар 2023 жылы салыстырмалы түрде ерте – ақпанның соңынан басталды. Оған себеп – камералдық және техникалық жұмыстарды: елді мекеннің […]
Жарияланған: 05.11.2020
Қазіргі уақытта онлайн режімінде 2020 жылдың 02-06 қараша аралығында «Жерасты сулары ресурстарын бағалау және жерасты суларының беткі сулармен суалмасуы және олардың климаттың өзгеруіне әсері» RER7013 жобасының аясында АТЭХАГ изотоптық гидрология жөніндегі оқыту курсы жүріп жатыр. Кездесуге изотоптық гидрология әдісін сәтті қолданатын әртүрлі 25 ұйымның өкілдері, оның ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік […]
Жарияланған: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]
Жарияланған: 13.05.2019
2019 жылғы 5-10 мамыр аралығында ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты Экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің қызметкерлері – ЭБЗ тобының бастығы м.ғ.к. Л.Б. Кенжина және маман А.О. Кенесарина Кипр Республикасы, Никосия қаласындағы Радиациялық бақылау қызметінің базасында Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық комитет ұйымдастырған «Медициналық дайындық және төтенше радиологиялық жағдайларға ден қою» аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинарына қатысты. Оған […]
Жарияланған: 19.09.2018
2018 жылдың 11 және 13 қыркүйегі аралығында «Ұлттық ядролық орталық» РМК базасында «Семей сынақ полигоны: мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция екі атаулы оқиғаға арналды: «Атом энергиясы институты» филиалының 60-жылдығы және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 25-жылдығы. Конференция тақырыбы екі бағытты қамтыды: Радиациялық экология мен медицина […]