Радиациялық қорғау саласындағы күш-жігерді шоғырландыру

ҚР Ұлттық ядролық орталығы биодозиметриялық зерттеулер зертханасының бастығы, медицина ғылымдарының кандидаты Кенжина Лаура Болатқазықызы тұлғасында НАТО-ның SPS 985684 жобасы аясында 2022 жылғы 9-15 қазан аралығында Португалияның Эшторил қаласында өткен Еуропалық радиациялық қорғау апталығының (ERPW 2022) жұмысына қатысты. Бұл радиациялық қорғаныс, биологиялық дозиметрия, төтенше жағдайларға дайындық және әрекет ету, сәулелену дозасын медициналық және кәсіби бақылау саласындағы өзекті және жаңа тақырыптарды, пәнаралық мәселелерді қарауға арналған сарапшылардың жыл сайынғы үлкен жиналысы. Қазақстанның еуропалық зерттеу платформаларына кірігуі, радиациялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын үйлестіру әртүрлі елдердің ғылыми-зерттеу институттары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы тәжірибе алмасуға, сәулелену дозасын биологиялық индикациялау саласындағы жаңа ынтымақтастыққа ықпал етеді. Ғылыми бағдарламаға ESPW2022 сессиялары, бірнеше семинарлар (EURADOS, NERIS, ICRP, EUROMED және т.б.), арнайы сессиялар, оқу құралдары/таңертеңгілік дәрістер, GA платформалары және басқа да жұмыс кездесулері кірді. Л.Б. Кенжина ұсынған баяндама полигонда жұмыс істейтін адамдардың және оған жақын аумақтарда тұратын халықтың жеке сіңірілген дозасын мөлшерлік бағалау бойынша пилоттық зерттеулер туралы үлкен қызығушылық пен көптеген ұсыныстарды туындатты.