Нұсқаушыларды даярлау (ITP)

Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) Кадрлық әлеуетті дамыту орталығы (NuHRDeC) нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы (ITP) шеңберінде 2023 жылғы 05-26 шілде аралығында Токай қаласы (Жапония) ауданында ядролық және радиологиялық апаттық жағдайларға (NREP) дайындық тақырыбында үш апталық нұсқаушыларды даярлау курсын (ITC) өткізді. Курсқа ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің топ бастығы А.А. Харченко қатысты.

ITC оқыту курсы ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында кең ауқымды білім алуға, сондай-ақ Азия елдеріндегі халықаралық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік береді. ITC NREP курсының мақсаты болашақ нұсқаушыларды ядролық және радиологиялық апаттық жағдайларға дайындық саласында оқыту болып табылады. Курс апаттық қызметтер қызметкерлерін радиациялық қорғау сияқты негізгі тақырыптар бойынша дәрістерді, сондай-ақ «Фукусима» АЭС апатты сипаттау сияқты қолданбалы тақырыптарды және әрекет ету бойынша практикалық сабақтарды қамтиды. Курсқа қатысушы нұсқаушы бола отырып,  өз елінде тыңдаушыларға арналған курстарды (FTC) ұйымдастыруға және өткізуге қатыса алады.

Курс аясында қатысушылар Фукусимадағы апаттың мемориалдық мұражайына (The Great East Japan Earthquake and Nuclear Disaster Memorial Museu) және Токио электр энергетикалық компаниясын пайдаланудан шығару мұрағаттық орталығына (TEPCO Decommissioning Archive Center) барды, ол бастапқыда Энергетика мұражайы деп аталды. Мұражайлар экспонаттар мен бейнежазбалар арқылы табиғи апат, жер сілкінісі мен цунамиға дейінгі кезеңнің, сондай-ақ атом электр станциясындағы кейінгі апаттың хронологиялық тарихын көрсетеді. Сонымен қатар, мұрағаттық орталық апатты тудырған «Токио электр энергетикалық компаниясының» көзқарасымен таныстырады.