ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері «Атом саласы қызметкерлерінің күні» мерекесін тойлады

2019 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесін тойлады. Мерекені тойлау салтанатты жиналыстан басталды, онда ҚР Ұлттық ядролық орталығы әртүрлі филиалдарының қызметкерлері мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты жиналыстан кейін Курчатов қаласы Әкімдігімен бірге ҚР ҰЯО РМК алғашқы бас директоры, ф.-м.ғ.д., профессор Батырбеков Ғадлет Әндиянұлының құрметіне мемориалды тақтаның ашылуы өтті. Мемориалды тақта Ғадлет Әндиянұлы бір кездері жұмыс істеген Ұлттық ядролық орталығының бұрынғы бас корпусы – «Байкал» филиалы ғимаратының алдына орнатылды. Кешке «Маяк» қонақүйі аумағында ҚР ҰЯО қызметкерлері үшін банкет ұйымдастырылды, онда кәсіби әртістер өздерінің тамаша көркемөнерлерін ұсынды, сонымен қатар, барлық филиалдардың әріптестері «Замыкая круг» әуеніне өз ойларынан шығарылған әсерлі құттықтауларын көрсетті. Аталған мерекені тойлау құрметіне ҚР ҰЯО РМК қызметкерлері арасында баскетбол, мини-футбол, бадминтон, жылдам шахмат бойынша жарыстар өтті. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыстарда жеңіске жеткендер:
  • баскетбол бойынша – РҚЭИ командасы;
  • шағын-футбол бойынша – АЭИ командасы;
  • бадминтон бойынша жекелей біріншілікте В. Соломонов жеңді;
  • жылдам шахмат бойынша – Мищенко Е., Микиша А., Кравцов С.;