АТЭХАГ өкілінің сапары

Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (АТЭХАГ) ТЫ (техникалық ынтымақтастық) жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 – 2 наурызында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ техникалық ынтымақтастығы департаментінің жобаларды басқару жөніндегі өкілі Алексей Катухов келді. Сапар мақсаты АТЭХАГ ТЫ ҚР ҰЯО РМК-да қазіргі уақытта жұмыстар жүргізіліп жатқан ұлттық жобаларды іске асыру сұрақтары болды. Бұл KAZ9016 «Бұрынғы Семей сынақ полигонының (ССП) жерлерін шаруашылық пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ғылыми-техникалық қолдау», KAZ9018 «Қазақстанда ядролық және радиологиялық төтенше жағдайларда дайындықты және әрекет етуді қамтамасыз ету үшін биологиялық дозиметрияны дамыту», KAZ9015 «Семей сынақ полигонының кристалл жыныстарындағы радиоактивті қалдықтар қоймаларының құрылысы үшін ықтимал учаскелерді зерттеу және таңдау» жобалары. Сапар барысында жобаларды ары қарай іске асыру, жабдықтарды жеткізу, машықтанулар мен семинарларды ұйымдастыру сұрақтарына басты назар аударылды. Сол сияқты сапар аясында АТЭХАГ техникалық ынтымақтастық департаментінің өкілі Семей сынақ полигонының мұражайына және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының зертханалық корпустарына барды.