Ғылыми атақ алғаңызбен құттықтаймыз!

ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты стандартты үлгілерді әзірлеу және аттестаттау тобының бастығы Ажар Жумановна Ташековаға 10500 – Биологиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы Сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының 2024 жылғы 12 сәуірдегі №422 тиісті бұйрығы сайтта жарияланған.

Ажар Ташекова 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында жұмыс істейді. 2013 жылы Новосібір қ. «Новосібір мемлекеттік аграрлық университеті» ФМББМ ЖБП жанындағы Д220.048.03 диссертациялық кеңесінің отырысында «Экология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, биология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 2017 жылы ол Ресей Федерациясының биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің PhD дәрежесі баламалылығын тану рәсімінен өтті.

Оның зерттеу қызметінің негізгі бағыттары – су экожүйелерінің элементтік құрамының қалыптасу механизмдері, қала ортасын биогеохимиялық бағалау, радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін әзірлеу. Ол 35-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы және бірлескен авторы.

Ажар Жумановнаны құттықтай отыра, оған бұдан әрі де жетістіктерге жетіп, кәсіби және ғылыми қызметте биіктіктерден көріне беруіне тілектеспіз!