«Уран өндіруші өңірлердегі медициналық-биологиялық және экологиялық проблемалар» X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Астана қаласында халықаралық қатысумен МУА КЕАҚ радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ 20 жылдығына арналған «Уран өндіруші өңірлердегі медициналық-биологиялық және экологиялық проблемалар» Х Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Жапония, Тайланд, Өзбекстан сияқты әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Иондаушы сәулеленудің созылмалы әсер ету аймағындағы радиоэкологиялық және эпидемиологиялық зерттеулер» секциясына радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің бастығы Андрей Васильевич Паницкий қатысты. Баяндамада Семей сынақ полигонының аумағында тұратын тұяқты жануарлардың радиоэкологиялық ахуалына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көрсетілді. Жалпы, конференция шеңберінде жұмыс істеп тұрған және консервацияланған уран объектілеріне жақын орналасқан елді мекендер аумағындағы радиациялық жағдайды зерттеу нәтижелері, уран өндіру саласы персоналына және халыққа түсетін дозалық жүктемелерді бағалау, биологиялық объектілердің иондаушы сәулеленуінің шағын дозаларының әсерін бағалау, атом саласы кәсіпорындары персоналының және радиациялық апаттардың әсеріне ұшыраған өңірде тұратын халықтың радиациялық-эпидемиологиялық зерттеулері ұсынылған. Сонымен бірге аналитикалық зертханалық жабдықты әзірлеудегі соңғы жетістіктері де ұсынылды.