XVIII Халықаралық ғылыми конференция қорытындысы

2023 жылғы 14-15 сәуір аралығында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов-2023» XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов-2023» Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылады және іргелі ғылымның заманауи қоғам дамуындағы рөліне арналған. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 3 жұмыскер Д.Б.Бияхметова, О.Г.Марченко және Р.Г.Ермакова қатысты. Конференцияның мақсаты студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне, заманауи қазақтандық қоғамның өзекті міндеттерін шешуге, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның жас зерттеушілерінің білім беру және ғылыми байланыстарын нығайтуға ат салысуға қамту. Конференция қорытындысы бойынша Д.Б.Бияхметова  «Қазақстандық популяциядағы тұрақсыз хромосомалық аберрациялардың фондық жиілігін зерттеу» тақырыбындағы баяндамасы үшін ІІ дәрежелі диплом алды. Сол сияқты конференцияға белсенді қатысқаны үшін «Қоршаған орта объектілерінде органикалық байланысқан тритийді анықтау әдісінің заманауи тұжырымдамалары» тақырыбындағы баяндамасы үшін О.О.Марченко және «Семей сынақ полигоны аумағының су объектілерінің түптік шөгінділеріндегі радионуклидтік ластанудың тік таралуын зерттеу» тақырыбындағы баяндамасы үшін Р.Г.Ермакова грамоталармен марапатталды.