ҚР ҰЯО қызметкерлері «Медициналық дайындық және төтенше радиологиялық жағдайларға ден қою» семинарына қатысты

2019 жылғы 5-10 мамыр аралығында ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институты Экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің қызметкерлері – ЭБЗ тобының бастығы м.ғ.к. Л.Б. Кенжина және маман А.О. Кенесарина Кипр Республикасы, Никосия қаласындағы Радиациялық бақылау қызметінің базасында Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық комитет ұйымдастырған «Медициналық дайындық және төтенше радиологиялық жағдайларға ден қою» аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинарына қатысты. Оған 19 елден (Албания, Әзербайжан, Болгария, Хорватия, Эстония, Грузия, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Македония, Польша, Молдова, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Украина, Кипр) 30-дан аса қатысушы қатысты. Ден қоюдың тиімді ұлттық және ауқымды механизмдері мен мүмкіндіктері ядролық және радиологиялық оқиғалар мен апаттық жағдайлардың зардаптарын минималдау үшін қажет. Бұл оқыту курсы елдерге радиациялық әсер етулерге байланысты төтенше жағдайларға ден қоюға медициналық дайындықты жоғарылату үшін көмек көрсетеді. Ол «Ядролық немесе радиологиялық апаттық жағдайлар кезінде медициналық ден қоюдың жалпы процедуралары» (EPR-MEDICAL 2005) жарияланымына және АТЭХАГ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы демеушілік көрсететін басқа да жарияланымдарға негізделген. Бес күндік бағдарлама үш модульден құралды, олар түрлі деңгейлерде (ауруханаға дейінгі, ауруханалық) медициналық ден қоюға бастамашылық ету, ерте диагностика, жалпы емдеу, психологиялық қолдау бойынша, дозиметрлік және медициналық ден қоюды ұйымдастырумен байланысты басқа да элементтерге басшылық етуді қамтамасыз етеді. Көтерілген тақырыптар арасында ведомствоаралық апаттық ден қоюды ұйымдастыру, радиологиялық жағдайды бағалау; төтенше жағдайлар аймағын құру; ден қою қатысушыларын қорғау; пациенттерді сұрыптау және ластанған аймақтан ауыстыру; диагностикалық және радиологиялық іс-шаралар; зардап шегушілердің көп мөлшерімен биодозиметриялық сұрыптау, жол бермеу немесе жағдай орнындағы зардаптарды жеңілдету жөніндегі медициналық іс-шаралар тақырыптары болды.