Posted: 04.09.2020
2020 жылғы 3 қыркүйек сағ. 16:00-де Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған онлайн кездесу өтті. Шара ұйымдастырушысы Kazakhstan American Corners. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан «Семей полигоны. Тарихы және қазіргі ахуалы» тақырыбында Оқу-ақпараттық орталығының қызметкерлері А.О. Омарханова мен А.Е. Каиржанов баяндама жасады. Баяндама барысында Семей сынақ полигонының интерактивті карталарының материалдары (мұрағаттық фото-бейне материалдар, радионуклидтардің […]
Posted: 08.11.2019
2019 жылғы 16-18 қазан аралығында Швейцарияда (Шварценбург қ.) ALMERA аналитикалық зертханалар желісі өкілдерінің үйлестіру кездесуі өтті. Іс-шара АТЭХАГ қолдауымен Тұрғындарды ядролық, биологиялық және химиялық қатерлер мен қауіптіліктерден қорғау институтының (Spiez Laboratory) базасында жүргізілді. Кездесу барысында зертханалардың жыл сайынғы кәсіби тестілерінің нәтижелері қарастырылды. Қысқа мерзімді гамма-сәуле шығарушы радионуклидтердің белсенділіктерін анықтау және қоршаған ортаның түрлі үлгілерінің жиынтық […]
Posted: 05.10.2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың 22.02.2022 ж. № 03-07/44іш. өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының базасында 2022 жылғы 12-14 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XХI конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті мен жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, […]
Posted: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]
Posted: 03.06.2019
2019 жылғы 23-24 мамыр аралығында Беларусьте (Минск қ.) «2019 жылғы Сахаров оқулары: XXI-ші ғасырдың экологиялық мәселелері» 19-шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Польша, Германия, Франция, Беларусь, Украина, АҚШ, Италия, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты әлемнің түрлі елдерінің ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Ядролық технологиялар және […]
Posted: 22.11.2017
2017 жылғы 15-17 қараша аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) радиохимия, радиоэкология және радиохимиялық технология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулер нәтижелеріне арналған «Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Уральск федералды университеті» ұйымдастырған «Радиохимия және радиоэкологияның өзекті мәселелері» ІІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы 4 секция бойынша ұйымдастырылды: «Радиохимияның іргелі аспектілері»; «Радиохимиялық технологиялар. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу»; «Радиохимиялық […]
Posted: 07.12.2018
Германия, Юлих қаласының зерттеу орталығы АТЭХАГ техникалық ынтымақтастық шеңберінде Ұлттық ядролық орталығы мен оның филиалдарының мамандарын түрлі бағыттар бойынша оқытудан және тағылымдамадан өтуге шақырады. Биылғы жылы да шақырулар келген болатын. 2018 жылғы 14 қазаннан 16 қарашаға дейін ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының аналитикалық зерттеу бөлімі элементтік талдау зертханасының инженері Мухамедияров Нурлан […]
Posted: 05.11.2019
2010 жылдан бастап «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (РҚЭИ) филиалы «Қазақстан радиоэкологиясының өзекті мәселелері» ғылыми басылымын дайындау және басып шығару бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күнде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) 6 басылым жарық көрді. Кітап барлық уақытта ең бағалы сыйлық болып қала бермек. 2017 жылдан бастап РҚЭИ «Кітап-даналық, білім және ғылым көзі» қайырымдылық […]