«Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинары

17 және 19 қаңтар аралығында Алматы қаласында, «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында, АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық әкімшілігінің ядролық оқыс оқиғалар саласындағы саясат пен ынтымақтастық басқармасы «Жетілдірілген спектралды радиологиялық компьютерлік жүйеге (SPARCS) оқу және техникалық қызмет көрсету» семинарын өткізді, онда ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімінің бастығы В.В.Божко қатысты.

Семинар барысында SPARCS жүйесінің құрылысымен, сол сияқты иондық сәулелену көздерін (ИСК) іздеу барысында аумақтарды зерттеп қарау жүргізу кезіндегі жүйені баптау, жұмысқа қабылеттілігін тексеру, жүйені калибрлеуді, жүйенің істен шығуының мүмкін себептерін қамтитын техникалық қызмет көрсетуімен танысу болды.

Іс-тәжірибелік сабақтарда автомобильде орнатылған SPARCS жүйесін пайдалана отыра аумақты зерттеп қарау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сол сияқты АҚШ мамандарының осыған ұқсас зерттеп қарау кезінде пайдаланатын әдістемелері де қарастырылды.