Жарияланған: 05.11.2019
2019 жылғы 28 қазанда келу бағдарламасының шеңберінде Ирландиядан келген БҰҰ өкілдері Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайында болып қайтты. Мұражай қонақтары полигонның құрылу және даму тарихымен, ядролық сынақтардың жүргізілу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі кездегі радиациялық ахуалмен танысты.
Жарияланған: 15.04.2020
Өзінің Туған Күнінде Курчатов қ. ардагер майдангерлерінің бірі құттықтауларды қабыл алуда. Туған күн иесін осы мерекесімен «ҚР ҰЯО» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының өкілдері құттықтап, соғыс жылдарындағы өшпес ерлігі мен бейбіт күндердегі адал еңбегі үшін шынайы алғысын білдіріп, мықты денсаулық, өмірге деген құлшыныс пен молшылық тіледі!
Жарияланған: 20.04.2018
2018 жылғы 19-20 сәуір аралығында Обнинск қаласында «МИФИ» (МИФИ ҰЗЯУ АТЭИ) Ұлттық зерттеу ядролық университеті филиалы – Атом энергетикасы институты базасында «Техногенді жүйелер және экологиялық қатер» ІІ Халықаралық (XV Аймақтық) ғылыми конференциясы өтті. Конференцияның пленарлық және секциялық отырыстарында радиоэкология, ядролық және жылу энергетикасы салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылды. «Иондаушы емес және иондаушы сәулелену әрекеттерінің экологиялық аспектілері» […]
Жарияланған: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]
Жарияланған: 17.09.2019
2019 жылғы 09-11 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі Республикалық Академия» ЖШС «Калибровкалау-тексеру сынақ зертханаларында белгісіздікті бағалау бойынша іс-тәжірибелік дағдылар» оқыту семинары өтті. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан семинарға Марченко Олеся мен Күмісханова Салтанат қатысты. Аталған семинар барысында аналитикалық өлшеулердің белгісіздігін бағалау, оның жіктелуі және сынақтардың […]
Жарияланған: 22.11.2017
2017 жылғы 15-17 қараша аралығында Екатеринбург қаласында (РФ) радиохимия, радиоэкология және радиохимиялық технология мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулер нәтижелеріне арналған «Ресейдің бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Уральск федералды университеті» ұйымдастырған «Радиохимия және радиоэкологияның өзекті мәселелері» ІІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференция жұмысы 4 секция бойынша ұйымдастырылды: «Радиохимияның іргелі аспектілері»; «Радиохимиялық технологиялар. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу»; «Радиохимиялық […]
Жарияланған: 12.05.2018
12 мамыр, сенбі күні, Семей қаласының Жастар сарайында TEDx Semey екінші лицензиялық конференциясы өтті. TEDx конференциялары «Таратуға лайықты идеялар» TED миссиясы аясында құрылған болатын. Аталған конференциялардың негізгі мақсаты – жергілікті қоғамдастықтарға, ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге тәжірибелерімен TEDx форматында бөлісу мүмкіндігін беру. Биылғы жылы конференция «Just do it!» үндеуімен өтті. Спикерлер арасынан ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық […]
Жарияланған: 06.11.2019
2019 жылғы 31 қазанда Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайына Курчатов қаласының № 3 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушылары мен ұстаздары келген болатын. Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.