Жарияланған: 08.06.2023
2023 жылғы 29 мамырдан 02 маусымға дейінгі кезеңде Грециялық теңіз зерттеулер орталығында Грецияда, Анависсос қаласында радиацияны қолдану жөніндегі «RAP-2023» Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты иондаушы және иондаушы емес сәулеленуді қолдану мәселелерімен айналысатын зерттеушілер мен мамандарға нәтижелерін талқылап, іс-тәжірибелерімен алмасу үшін форум ұсыну болды. Конференцияның тақырыбы физика, химия, биология, медициналық ғылымдар, техника мен қоршаған орта туралы […]
Жарияланған: 05.11.2019
Экскурсия барысында оқушылар өз қалаларының тарихы туралы, аса көрнекті физик-экспериментатор И.В. Курчатовтың өмірі және қызметі туралы, ядролық сынақтар және олардың зардаптары туралы көптеген қызықты мағлұматтарды біліп қайтты.
Жарияланған: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]
Жарияланған: 06.04.2018
1 сәуірде ХҒТО-ның «Семей сынақ полигонындағы «Шаған» жерасты ядролық сынағы: экскавациялық ядролық сынақтардың экологиялық қатерін бағалау, Қазақстан Республикасы, Мәселені талдау» екінші жобасы бастау алды. Еске сала кетсек, Семей сынақ полигоны (ССП) ядролық қаруды сынауға арналған әлемдегі ірі полигондардың бірі болды. 1949 және 1989 жылдар аралығындағы кезеңде ССП аумағында ядролық сынақтар жүргізілді. Айта кету керек, полигон […]
Жарияланған: 04.09.2020
2020 жылғы 3 қыркүйек сағ. 16:00-де Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған онлайн кездесу өтті. Шара ұйымдастырушысы Kazakhstan American Corners. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан «Семей полигоны. Тарихы және қазіргі ахуалы» тақырыбында Оқу-ақпараттық орталығының қызметкерлері А.О. Омарханова мен А.Е. Каиржанов баяндама жасады. Баяндама барысында Семей сынақ полигонының интерактивті карталарының материалдары (мұрағаттық фото-бейне материалдар, радионуклидтардің […]
Жарияланған: 10.09.2021
9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) […]
Жарияланған: 10.02.2020
2020 жылғы 02-07 ақпан аралығында Жапонияда (Фукусима қ.) контрмераларды әзірлеп және қолдана отырып, Фукусима префектурасы аумағын ұзақ мерзімді радиациялық мониторингілеуге байланысты сұрақтарды талқылауға арналған Фукусима префектурасы өкілдерімен АТЭХАГ сарапшыларының 15-Миссия- Кездесуі өтті. Қазақстан Республикасынан миссия жұмысына АТЭХАГ сарапшысы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері экожүйелерді кешенді зерттеу […]