Жарияланған: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]
Жарияланған: 06.12.2017
2017 жылғы 30 қараша мен 01 желтоқсан аралығында РФ Обнинск қаласында «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ-де ЛАБАШҒА нақты мүшесі В.М. Клечковскийге арналған халықаралық XLVI радиоэкологиялық оқулар шеңберінде жүргізілген «Радиобиология мен радиоэкологияның қазіргі кездегі мәселелері» Жастар дөңгелек үстелі өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша аталған іс-шараға біздің Институттың мамандары да қатысты және «Радионуклидтердің Семей сынақ полигонындағы […]
Жарияланған: 10.06.2020
Семей сынақ полигоны (ССП) жерасты суларының радиациялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу үшін ҚР Ұлттық ядролық орталығында 2010 жылы ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының білікті мамандары – геологтар, гидрогеологтар, бұрғылау қондырғысының машинистерінен арнайы құрылым құралған болатын. Құрылымның техникалық қамтамасыз етілуі түрлі диаметрдегі 100 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылауға, жерасты сулары мен керндерінен сынамаларды іріктеп алуға және […]
Жарияланған: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Жарияланған: 10.12.2020
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (ҚР ҰЯО РҚЭИ) филиалының Оқыту-ақпараттандыру орталығында 2020 жылғы 07-11 желтоқсан аралығында «Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша радиациялық қауіпсіздікті және радиациялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты мамандары (А тобының персоналы) үшін кезекті онлайн оқыту жүргізілуде. Филиалдың жетекші мамандары арасынан құрылған дәріскерлер құрамы радиациялық бақылау жабдықтары […]
Жарияланған: 03.02.2023
Ғылымның кез келген бағытының маңызды құрамдасы аналитикалық жұмыстардың сапасы болып табылады, ол, оның ішінде, пайдаланылатын жабдықтардың жұмыс қабылеттілігіне байланысты. Жаңа күнтізбелік жылдың басталуы бюджеттік және келісімшарттық бағдарламалар бойынша жұмыстардың басталуын, яғни жабдықтардың аналитикалық қызметтің басталар алдындағы тиісті дайындығын білдіреді. Мұндай қызметтер тізімі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы үшін өте ауқымды және қоршаған орта объектілерін талдаудың […]
Жарияланған: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Жарияланған: 02.10.2019
2019 жылғы 1 қазанда ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институтында егде адамдарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін қайырымдылық акциясы өтті. Қарттар күні құрметіне РҚЭИ 25 зейнеткеріне, Курчатов қаласының үш зейнеткеріне және РҚЭИ қамқорлығындағы Ұлы Отан соғысының ардагері-зейнеткер Г.А. Долгинцевке ақшалай сыйлықтар ұсынылды.