Филиалдың тәжірибелік оранжереясындағы жұмыстар толықтай жүргізіліп жатыр

Осы жылдағы алғашқы тәжірибелік өнім жиналып алынды және өзінің «зертханалық сағатын» күтуде, ол «топрырақ-өсімдік» жүйесінде радионуклидтердің жылыстауының барлық құпиясын ашуы тиіс! Жақын арада бұрыш өнімі бізді қуантуы тиіс, ол ерекше әдіс арқылы тритий радионуклидінің жоғары меншікті белсенділігі бар гидропонды қондырғылардағы суды пайдалана отырып өсіріледі. Аталған тәжірибе ассимиляциялану және «су-өсімдік» жүйесіндегі радионуклидтің тамырға түсуі кезінде өсімдікте тритийдің таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді.