Томск политехникалық университетінде Геология мәселелері және жер қойнауын игеру XXIII Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті

2019 жылғы 8-12 сәуір аралығында Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінде Табиғи ресурстардың инженерлік мектебі базасында академик Қ.И. Сәтпаевтың 120-жылдығына, профессор К.В.Радугиннің 120-жылдығына арналған академик М.А. Усов атындағы студенттер мен жас ғалымдардың «Геология мәселелері және жер қойнауын игеру» XXIII Халықаралық ғылыми симпозиумы өтті. Симпозиум бағдарламасына ғылымның түрлі саласындағы 19 секция енді, мұнда әлемнің түрлі елдерінің жас ғалымдары мен мамандарының 200-ден аса ауызша баяндамалары ұсынылды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан «Геоэкология, қоршаған ортаны қорғау және қамқорлық» секциясына «Бұрынғы Семей сынақ полигонының «Дегелең» алаңындағы ауа ортасындағы тритийдің НТО және НТ түріндегі құрамдарының деңгейлері» тақырыбындағы баяндамасымен жас қызметкер Марченко Олеся Олеговна қатысқан. Конкурс нәтижелері бойынша аталған секциядағы үздік баяндамасы үшін Марченко Олеся І дәрежелі дипломмен марапатталды.