«Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» жыл сайынғы тренинг-курсы

Жапондық Атом Энергетикасы жөніндегі Агенттігінің (JAEA) келісімі бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҚР ҰЯО РМК) атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды даярлау жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында 2023 жылғы 17 және 21 сәуір аралығында кәсіпорын жұмыскерлерінің арасынан дәріскерлер мен нұсқаушыларды қамтыған «Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» жыл сайынғы тренинг-курсы іштей форматта өтті. Білім алушылар тобына ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының жұмыскерлері қамтылды, барлығы 12 адам. Оқыту курсы аяқталған соң Жапониядан келген куратор Ohkura Takehisa (JAEA Кадрларды даярлау жөніндегі орталығының қызметкері) курсты ұйымдастыруды, дәріскерлердің дайындық дәрежесін жоғары бағалап, сапалы теориялық және практикалық білім кәсіби қызметте сөзсіз қолданысын табады деп атап өтті.