Жарияланған: 21.06.2022
2022 жылғы 13-15 маусым аралығында Черногория, Котор қаласында «Адриатиканың биоалуантүрлілігін қорғау – AdriBioPro-2022» Халықаралық конференциясы өтті, оның шеңберінде АТЭХАГ TC RER7015 – «Ядролық аналитикалық әдістерді пайдалана отырып, Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалау аймақтарын басқаруды жақсарту» жобасы бойынша кездесу өтті. Конференция Адриатика теңізінің биоалуантүрлілігін қорғау, жағалау мен теңіз аймақтарын сақтау және теңіз ресурстарын тұрақты пайдалану […]
Жарияланған: 12.07.2019
2019 жылғы 09-11 шілде аралығында Литвада (Вильнюс қаласы) радон карталарын әзірлеу және радонға ұшыраған аудандарды анықтау бойынша жұмыс кездесуі өтті, оған Ресей, Қазақстан, Польша, Беларусь, Украина, Португалия, Қырғызстан, Чехия, Болгария, Греция, Словакия, Венгрия, Босния мен Герцеговина, Эстония, Румыния, Сербия, Албания, Кипр мамандары қатысты. Жұмыс кездесуіне ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық […]
Жарияланған: 09.11.2022
Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар […]
Жарияланған: 06.09.2017
3-5 қыркүйек аралығында, Қазақстан Республикасына келулері шеңберінде, Чех Республикасының делегациясы Ұлттық ядролық орталыққа және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына келген еді, делегация құрамына ядролық энергетика саласында жұмыс істейтін ең беделді чех мемлекеттік және жеке мекемелер мен компаниялар өкілдері енген. Бұл Чехиядан ҰЯО келген бірінші ресми делегация еді. Қонақтар Семей Сынақ полигоны мұражайына келіп, қызықты […]
Жарияланған: 05.10.2022
ҚР ҰЯО РМК бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың 22.02.2022 ж. № 03-07/44іш. өкімін орындау үшін Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының базасында 2022 жылғы 12-14 қазан аралығында ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XХI конференция-конкурсы өткізіледі. ҚР ҰЯО РМК ұйымдастыру комитеті мен жас ғалымдар мен мамандар кеңесі ҚР ҰЯО РМК филиалдарының, […]
Жарияланған: 23.02.2024
2024 жылғы 15 және 22 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері В.В. Божко, С.П. Левченко және А.В. Топорова ядролық энергетика объектілері мен ластанған аумақтар орналасқан ауданда тұрғындар мен биотаға түсетін дозалық жүктемені болжау саласында тәжірибе алмасу бойынша семинарға қатысты.
Жарияланған: 23.04.2024
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында 2024 жылғы 19-20 сәуір аралығында Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2024» Халықаралық Жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын және қазіргі қоғам дамуындағы іргелі ғылымның рөліне арналған «Ломоносов – 2024» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Жарияланған: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]