АТЭХАГ сараптамалық миссиясының сапары

KAZ9018 «Қазақстанда ядролық және апатты жағдайларға дайындығы мен іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін биологиялық дозиметрияны дамыту» ТЫ (Техникалық ынтымақтастық) жобасының шеңберінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің (АТЭХАГ) миссиясы ретінде Радиациялық әсерлер департаментінің жетекшісі, Ұлыбританияның Қауіпсіздік жөніндегі агенттігінің сарапшысы Кристофер Бади 2023 жылғы 22 және 26 мамыр аралығында Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының биодозиметриялық зерттеулер зертханасына келді. Жүргізілетін миссия апатты биологиялық дозиметрия саласындағы ұлттық потенциалды бағалауға, төтенше жағдайлардағы іс-әрекет шараларын жетілдіру саласындағы қажеттілігі мен проблемаларын анықтауға, сәулеленудің жеке мөлшерлік дозасы бойынша апатты сұрыптау саласындағы Қазақстанның шынайы және тиімді стратегияларды қалыптастыру қабылетіне қатысты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Сараптамалық миссиялар ТЫ жобаларының стандартты құрауыштары болып табылады. Қазақстанның биологиялық дозиметрияны дамыту саласындағы жетістіктеріне қатысты толық сараптамалық есеп KAZ9018 ТЫ ағымдағы жобасына қойылған міндетті толық мөлшерде іске асыруға және ірі көлемді төтенше радиациялық жағдайында Орталық-Азия аймағында биодозиметриялық қолдау сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.