Ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі бойынша оқыту курсы (TC-NPS)

ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының радиологиялық зерттеулер бөлімі радиациялық зерттеулер зертханасының бастығы П.Е. Кривицкий 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Цуруга қаласының (Жапония) ауданында Жапония атом энергиясы агенттігі (JAEA) ұйымдастырған Ядролық технологиялар жөніндегі семинар аясында 4 апталық «Ядролық қондырғылардың қауіпсіздігі (TC-NPS) бойынша оқыту курсына» қатысады.

Аталған курстың негізгі бағыты ядролық қондырғыларды пайдалану кезінде де, әртүрлі оқиғалар жағдайында шешім қабылдау кезінде де ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында кең ауқымды білім алу болып табылады. Курстың мақсаты ядролық қондырғыларды қауіпсіз пайдалану саласындағы білікті мамандарды оқыту болып табылады. Курс атом электр станцияларының қауіпсіздігін бағалау және ядролық қондырғылар жұмысшыларының радиациялық қорғанысы сияқты базалық тақырыптар бойынша, сондай-ақ «Фукусима» АЭС апаттың сипаттамасы сияқты қолданбалы тақырыптар бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды қамтиды.

Курс аясында Фукуи префектурасындағы радиациялық жағдайларды зерттеу және мониторингілеу орталығына, Охи атом электр станциясына және Фуген объектілерін пайдаланудан шығару инженерлік орталығына бару жоспарлануда.