Веспрем қаласында Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті

2020 жылғы 10-13 тамыз аралығында Веспрем қаласында (Венгрия) VII.Terrestrial Radioisotopes in Environment International Conference on Environmental Protection (VII.TREICEP) Жер радиоизотоптарымен байланысты өзекті ғылыми мәселелерге арналған конференция өтті. Конференцияға Венгрия, Австрия, Литва, Жапония, Вьетнам, Марокко, Ресей, Қазақстан, Украина сияқты әлемнің 20 елінен ғалымдар мен мамандар қатысты. Қатысушылар онлайн форматта 73 баяндама ұсынды. VII.TREICEP конференциясына қатысушылардың баяндамаларында радон изотоптарының шоғырлануын бағалау әдістері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері; топырақтағы, судағы және құрылыс материалдарындағы табиғи және жасанды радионуклидтердің құрамын анықтау тәсілдері; халықтың цитогенетикалық биологиялық дозиметриясының әдіснамасы ұсынылды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау, радиологиялық мониторингілеу және бағалау саласында АТЭХАГ техникалық қолдау әдістері ұсынылды. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» (РҚЭИ) филиалынан онлайн форматтағы конференцияға Юлия Бакланова («Семей сынақ полигонындағы жер үстіндегі ядролық сынақтардан радиоактивті түсулер іздеріндегі 90Sr/137Cs және 239+240Pu/ 241Am арақатынасын зерттеу», «Семей сынақ полигонының шартты-аялық аумақтарындағы 90Sr/137Cs арақатынасын зерттеу»), Лаура Кенжина («Семей өңірі тұрғындарының тұрақты транслокацияларының өңірлік аялық жиілігін анықтау»), Нұрлан Мұхамедияров («Семей сынақ полигонындағы Ұзынбұлақ бұлағының түптік шөгінділердегі химиялық элементтердің құрамын зерттеу») және Арай Теміржанова («Елді мекендердің шаң-аэрозольды түсулерінде сирек кездесетін элементтердің, торийдің және басқа да химиялық элементтердің құрамы (Долонь а. мысалында)») секілді жұмыскерлері қатысты. «Үздік презентация (жас зерттеушілер)» номинациясы бойынша Юлия Бакланова марапатталды. Конференция қатысушыларының іріктеуден өткен мақалалары Scopus (импакт-фактор: 2,161) ғылыми метрикалық базасында индекстелетін «Journal of Environmental Radioactivity» журналында жарияланады.