Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметінде ақпараттық-ағартушылық шаралар маңызды орын алады.
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі жұмысының негізгі бағыттарының бірі иондық сәулелену көздерін пайдалану кезіндегі радиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарды оқыту болып табылады.
Оқыту нәтижесінде курс тыңдаушылары нормативтік, ұйымдастырушылық және техникалық негіздер саласында білім алып, практикалық дағдыларын шыңдайды.
- Толығырақ
Курстар
Аталған қызмет түріне Қазақстан Республикасының ЭМ Атомдық және энергетикалық бақылау және қадағалау комитетінің №19014211 мемлекеттік лицензиясы бар.
Оқыту нәтижесінде курс тыңдаушылары нормативтік, ұйымдастырушылық және техникалық негіздер саласында білім алып, дағдыларын шыңдайды.
Курс үш тақырыптық бағыт бойынша жүргізіледі:
1. «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты персоналды арнайы дайындау. Радиациялық қорғау және қауіпсіздік»;
2. «Рентгендиагностикада радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»;
3. «Ядролық немесе радиологиялық және апатты жағдайларға әрекет ету бойынша персоналды арнайы дайындау».
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ
Геоақпараттық технологиялар шеңберінде Институттың радиоэкологиялық зерттеулер нәтижелері деректерінің жалпы базасын жүргізу, сондай-ақ олардың негізінде есептік материалдарды құрастыру және ары қарайғы жұмыстарды жоспарлау үшін картографиялық материалды қалыптастыру орындалады.
ГАЖ-технологиялар негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және жүйелеу үшін бірыңғай ақпараттық модулді құру жүргізіледі. Нәтижелерді визуалдау және талдау ары қарайғы жұмыстарды (сұлбаларды, маршруттарды, кешенді карталарды құрастыру) жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алынған деректерді кешенді талдау зерттеп-қаралатын аумақтардың ластану сипатын және механизмін анықтауға мүмкіндік береді. Радиологиялық зерттеулердің нәтижелерін көрнекі түсіндіру және талдау үшін қоршаған орта объектілерінің 3D моделін құрастыру орындалады.
ГАЖ-жобаларды әзірлеу
ГАЖ-жобаларды әзірлеудің негізгі мақсаты ГАЖ технологияларының негізінде бірыңғай ақпараттық модулді құру болып табылады. Ақпараттық модул далалық жұмыстар мен зертханалық талдауларды жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және жүйелеу үшін қызмет етеді. Нәтижелерді визуалдау және талдау ары қарайғы жұмыстарды (сұлбаларды, маршруттарды, кешенді карталарды құрастыру) жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алынған деректерді кешенді талдау зерттеп-қаралатын аумақтардың ластану сипатын және механизмін анықтауға мүмкіндік береді.
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеудің негізгі мақсаты тұрғындар үшін қауіптілік төндіретін ықтимал радиациялық-қауіпті объектілерді анықтау болып табылады. Зерттеп-қаралатын аумақтарда техногенді объектілерді анықтау үшін дешифрлеу орындалады, ол өзіне ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу (елді мекендерді камералды дешифрлеу) мен елді мекендерді визуалды тексеруді (далалық дешифрлеу) қамтиды. Дешифрлеу аяқталған соң объектінің фотосуреті мен қысқаша сипаттамасы бар сәйкестендірілген объектілердің каталогы құрастырылады.