Жарияланған: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Жарияланған: 23.02.2024
2024 жылғы 15 және 22 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері В.В. Божко, С.П. Левченко және А.В. Топорова ядролық энергетика объектілері мен ластанған аумақтар орналасқан ауданда тұрғындар мен биотаға түсетін дозалық жүктемені болжау саласында тәжірибе алмасу бойынша семинарға қатысты.
Жарияланған: 24.09.2018
2018 жылғы 03-07 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкері Актаев Медет «Ядролық қондырғыларды орнату кезіндегі радиологиялық әсер етулерді, топан суды және геотехникалық аспектілерді бағалау» сұрағы бойынша Азия желісінің аймақтық тобы АТЭХАГ сарапшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысты, кездесу биылғы жылы Таиланд, Бангкок қаласында өтті. Кеңес қатысушылары ядролық қондырғыларды пайдаланудың халықаралық нормативтік-құқықтық талаптары мен геотехникалық […]
Жарияланған: 03.10.2023
ҚР БҒМ АР14869391 «Қазақстанның аридті жағдайларындағы далалық экожүйелердің негізгі құрауыштарында тритийдің қайта таралуын зерттеу» гранттық қаржыландыру шеңберінде 17 және 22 қыркүйек аралығында Тимонова Любовь ENVIRA-2023 қоршаған ортаның радиоактивтілігі бойынша Халықаралық ғылыми конференцияда «ССП топырағының тритиймен ластануы» тақырыбындағы ауызша баяндамасымен қатысты. Севиль университеті мен Испания, Братиславадағы Коменский Университетімен, Қоршаған ортаның радиоактивтілігі журналы бірлесе отыра конференция ұйымдастырушылары […]
Жарияланған: 07.12.2017
Филиал басшысы Сергей Лукашенконы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалына өтуімен құттықтаймыз. Аталған жоба мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберіндегі, сонымен қатар, қоғамның көңілін замандастар тарихына аудартуға арналған бастамасы болған. «Қазақстанның 100 жаңа есімі – жетістіктер тарихы» жобасына өтінімдерді іріктеудің мақсаты мен басты критерийі егемен Қазақстанның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ең лайықты азаматтарды […]
Жарияланған: 03.02.2023
Ғылымның кез келген бағытының маңызды құрамдасы аналитикалық жұмыстардың сапасы болып табылады, ол, оның ішінде, пайдаланылатын жабдықтардың жұмыс қабылеттілігіне байланысты. Жаңа күнтізбелік жылдың басталуы бюджеттік және келісімшарттық бағдарламалар бойынша жұмыстардың басталуын, яғни жабдықтардың аналитикалық қызметтің басталар алдындағы тиісті дайындығын білдіреді. Мұндай қызметтер тізімі ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы үшін өте ауқымды және қоршаған орта объектілерін талдаудың […]
Жарияланған: 19.09.2018
2018 жылдың 11 және 13 қыркүйегі аралығында «Ұлттық ядролық орталық» РМК базасында «Семей сынақ полигоны: мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция екі атаулы оқиғаға арналды: «Атом энергиясы институты» филиалының 60-жылдығы және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 25-жылдығы. Конференция тақырыбы екі бағытты қамтыды: Радиациялық экология мен медицина […]
Жарияланған: 27.10.2022
2022 жылғы 18-21 қазан аралығында «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінде (БРАҒЗИ ФМБҒМ), Обнинск қ., Ресей., «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» 1-ші Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері Л.В. Тимонова және П.Е. Кривицкий қатысты. Қызметкерлер Семей сынақ полигонының қоршаған орта […]
Жарияланған: 04.10.2022
2022ж. 26 және 30 қыркүйек аралығында Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ядролық физика институтында «Ядролық ғылым және технологиялар» IV Халықаралық ғылыми форумы болып өтті. Форум Қазақстан Республикасының ЭМ ЯФИ 65-жылдығына арналды. Аталған ғылыми шараға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 10 жұмыскері онлайн форматта, сол сияқты офлайн форматта да қатысты. Онлайн форматта Е.Н.Поливкина […]