«Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» 1-ші Халықаралық жастар конференциясы

2022 жылғы 18-21 қазан аралығында «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінде (БРАҒЗИ ФМБҒМ), Обнинск қ., Ресей., «Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар» 1-ші Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері Л.В. Тимонова және П.Е. Кривицкий қатысты. Қызметкерлер Семей сынақ полигонының қоршаған орта объектілерінің тритиймен ластануын зерттеу бойынша «Радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері» секциясында баяндамалар ұсынды, сондай-ақ полигондардың әртүрлі сынақ алаңдарындағы тритий деңгейлерінің салыстырмалы сипаттамасы ұсынылды. Конференцияда 5 негізгі бағыт қарастырылды: ауыл шаруашылығындағы геномдық және геномнан кейінгі технологиялары; ауыл шаруашылығындағы генетикалық редакциялау және маркер-ассоциацияланған селекция; ауыл шаруашылығындағы радиобиологиялық зерттеулер; ауыл шаруашылығындағы радиациялық технологиялар; радиоэкология мен агроэкологияның іргелі және қолданбалы аспектілері. Ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологиялар саласындағы заманауи зерттеулерге арналды. Конференцияға қатысушылар ауыл шаруашылығындағы генетикалық және радиациялық технологияларды дамыту саласындағы теориялық және практикалық білімдерімен, тәжірибелерімен, жаңа әдістері мен тәсілдерімен бөлісті. Конференция аясында қатысушылар үшін Калуга қаласындағы Мемлекеттік космонавтика тарихы мұражайына экскурсия өткізілді.