Тәжірибе алмасу

2024 жылғы 15 және 22 ақпан аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері В.В. Божко, С.П. Левченко және А.В. Топорова ядролық энергетика объектілері мен ластанған аумақтар орналасқан ауданда тұрғындар мен биотаға түсетін дозалық жүктемені болжау саласында тәжірибе алмасу бойынша семинарға қатысты. Оқыту Обнинск қ. (РФ) «Курчатов институты» Ұлттық ғылыми орталығының Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБМ өтті. Оқыту барысында әртүрлі ортадағы радионуклидтердің шоғырлануын және олардың АЭС пайдалану кезінде адам ағзасына әсерін есептеп шығаруға арналған CROM және JRodos бағдарламалары қарастырылды. CROM өзіне АЭС шығарындылары кезінде пайда болатын радионуклидтердің тасымалдану үлгілерін қамтиды, ол үлгілер АТЭХАГ қауіпсіздік жөніндегі № 19 (SRS-19) есептер сериясына қосылады. JRodos – бұл радионуклидердің шығарындысы мен тұнуын бағалауға мүмкіндік беретін қоршаған ортаға радиоактивті заттектердің апатты шығарындылары жағдайындағы басқару шешімдерін қабылдауды қолдау жүйесі.

Мұндай семинарлар қазіргі уақытта өте өзекті, технологиялар жаңалықтарын біліп, оларды өз жұмысыңда қолдана білу қажет. Алынған жаңа білім мен біліктер өз жұмысыңда аса кәсіби және тиімді болуға көмектеседі.