2019 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасында жастар жылының өту нәтижелері бойынша қалалық Форум өтті

Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Форум бағдарламасы шеңберінде «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының Ғылыми-техникалық ақпараттар бюросының (ҒТАБ) қызметкерлері Курчатов қаласының тұрғындарына Семей сынақ полигоны (ССП) мұражайының жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде «Тәжірибе алаңының», ұңғымалардың, штольнялардың жарылысқа дейінгі және кейінгі  мобилді макеттері ұсынылды. Сонымен қатар, ССП экожүйесінің қазіргі кездегі радиоэкологиялық ахуалы туралы ақпараттық графикалық және ССП ядролық сынақтардың жүргізілу туралы тарихи ақпараттар бар ақпараттық стенділер ұсынылды. РҚЭИ қызметкерлері ақпараттық-ағартушылық қызмет шеңберінде келушілерге РҚЭИ ғылыми еңбектерінің жинақтарын, фотоальбомдар, буклеттер, журналдар мен басқа да баспалық өнімдерді таратты. Форумға қаланың жас мамандары мен кәсіпкерлері өз баяндамаларымен қатысты. «ССП интерактивті картасын әзірлеу» тақырыбындағы баяндамасымен ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкері Каиржанов Амир Ерланович сөз сөйледі.