Қ.С. Минкенованың кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауы

ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!

2024 жылғы 17 қаңтарда «Курчатов институты» Ұлттық зерттеу орталығының «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ (Обнинск қ., РФ) жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) диссертациялық кеңесінде Қ. С. Минкенова биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Семей сынақ полигонының әскери радиоактивті заттектер сыналған алаңдарындағы Koeleria gracilis Pers және Stipa capillata L. популяциясындағы цитогенетикалық әсерлер» тақырыбында кандидаттық диссертациясын өте жақсы қорғап шықты.

Қырмызы Серікқызы өзінің еңбек жолын 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Биология» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін бірден Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының жануарлар мен өсімдіктерді радиобиологиялық зерттеу бөлімінде бастады. Үздіксіз жұмыс істей жүріп Павлодар университетінде «Биология» мамандығы бойынша магистратураны және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантураны аяқтаған. Негізгі жұмыстары Семей сынақ полигонында өсетін өсімдіктер популяциясының цитогенетикалық әсерін зерттеуге арналған.

Біз Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертацияны тапсырудағы табысты тәжірибесімен тағы да құттықтаймыз, қол жеткізілген жетістікімен шектелмей, жаңа жоспарлар және оларды міндетті түрде іске асырылуын тілейміз!