9 қыркүйекте IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады

9 қыркүйекте Семей сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына арналған «Семей сынақ полигоны: радиациялық мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» атты IX халықаралық конференция өз жұмысын аяқтады. «Радиациялық экология және медицина» секциясының жұмысына жақын және алыс шетелдің 15 елінен (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Греция, Беларусь, Польша, Қытай, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Словения, Жапония, Норвегия, Австрия және Германия) радиобиология және радиациялық медицина саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты.

Секцияға 52 ауызша баяндама (оның ішінде 3 пленарлық) және 30 стенділік баяндама ұсынылды. Секцияға барлығы 93 адам тіркелді.

Эксперименталдық, әдістемелік және аналитикалық сипаттағы өзекті мәселелер ұсынылды, оның ішінде: бұрынғы Семей сынақ полигонының мәселелерін кешенді шешу; радиоэкологиялық зерттеулер және адам мен экожүйелер үшін қауіптерді бағалау; бұрынғы сынақ полигондарының және басқа радиациялық-қауіпті объектілерді мониторингілеу; техногендік радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарды ремедиациялау; радиоэкологияның ғылыми және қолданбалы міндеттерін шешудегі жаңа тәсілдер; өнеркәсіптегі және медицинадағы ядролық және радиациялық технологиялар.

Пандемияға қарамастан, конференция онлайн-форматта өтті, онда камералық атмосфераны және ұсынылған зерттеулердің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік туды.

Жалпы, радиациялық экология мен медицина, атом энергетикасының қауіпсіздігін дамыту мәселелерін талқылаған секцияның барлық қатысушыларының жоғары ғылыми деңгейі атап өтілді.