Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқыту курсы

2021 жылдың 15-19 ақпаны аралығында «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалында бейнеконференция форматында «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы дайындау. Радиациялық қорғаныс және қауіпсіздік» тақырыбында оқыту курстары жүріп жатыр. Оқушылар тобына ҚР ҰЯО РМК және оның филиалдарының, «DK Proekt» ЖШС мен «WHITE dent» ЖШС жұмыскерлері енеді. Барлығы 51 адам. Оқыту бағдарламасы ҚР радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық базаның сұрақтары; радиоактивтіліктің негізгі түсініктері және иондаушы сәулеленулер түрлері; радиометрлік және дозиметрлік аспаптар, олардың техникалық сипаттамалары және жұмыс істеу принциптері; радиологиялық апаттық жағдай кезіндегі қауіптілік түрлері, әрекет ету аймақтары мен құралдарын және бірінші әрекет етушілердің қорғанысын ұйымдастыру, иондаушы сәулелендіру көздерінен (ИСК) қорғанудың қалыңдығын есептеу енетін дәрістік және тәжірибелік сабақтарды қарастырады. Сонымен қатар, жеке қорғаныш құралдары, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу сұрақтары мен залалсыздандыру әдістері қарастырылады. Оқыту барысында курстар қатысушылары көптеген сапалы теориялық және тәжірибелік білімдер алады, алған білімдері кәсіби қызметтерінде өз қолданысын табатыны сөзсіз. Оқыту курсы аяқталған соң, алған білімдеріне бағалау жүргізіліп, нәтижесінде бекітілген үлгідегі сертификаттар беріледі.