Ресей делегациясының сапары

М.В.Ломоносов атындағы ММУ Мәскеу мемлекеттік университеті мен Қазақстан Республикасының «Ұлттық ядролық орталығының» арасындағы ежелгі серіктестік қарым-қатынас шеңберінде 2023 жылғы 5 маусымда ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалына аға ғылыми қызметкер Кузьменкова Наталья Викторовнаның басқаруымен құрамы 5 адамнан тұратын ММУ (Ресей) делегациясы келді. Қатысушыларға «Байкал-1» зерттеу реактор кешенінде, «Тәжірибе даласы» алаңында, «Токамак КТМ», ССП тарихының экспозициялық залында таныстыру экскурсиялары жүргізілді, мұнда келушілер полигонның ашылғаннан бергі тарихымен және қызметімен танысты, сондай-ақ филиалдың зертханалық корпустарына барды. МГУ студенттері Е.А.Логутенкова мен С.А.Кадочниковтің Ұлттық ядролық орталығымен танысуы осымен аяқталмайды, келісімшарт шеңберінде олар радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімінің радиохимиялық зерттеулер зертханасында өндірістік іс-тәжірибеден өтеді. Бір ай ішінде филиал жұмыскерлері радиохимия және радиобиология саласындағы өз тәжірибелерімен бөліседі, ал студенттер ұзақ өмір сүретін радионуклидтерді радиохимиялық анықтау бойынша практикалық білім алады. Дәстүрге айналған осындай шаралар екі тарапқа да пайдалы болып, болашақта жалғасын табады деп үміттенеміз.