Фукусима префектурасы өкілдерімен АТЭХАГ сарапшыларының 15-Миссия- Кездесуі өтті

2020 жылғы 02-07 ақпан аралығында Жапонияда (Фукусима қ.) контрмераларды әзірлеп және қолдана отырып, Фукусима префектурасы аумағын ұзақ мерзімді радиациялық мониторингілеуге байланысты сұрақтарды талқылауға арналған Фукусима префектурасы өкілдерімен АТЭХАГ сарапшыларының 15-Миссия- Кездесуі өтті. Қазақстан Республикасынан миссия жұмысына АТЭХАГ сарапшысы ретінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкері экожүйелерді кешенді зерттеу бөлімінің бастығы Паницкий Андрей қатысты. А. Паницкий өз баяндамасы барысында Семей сынақ полигоны (ССП) аумағына және оған іргелес жатқан аумаққа Кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жүргізу тәжірибесімен бөлісті, ССП ұйымдастырылған мониторингілеу жүйесі мен жүргізілген оңалту шаралары туралы айта кетті. Кездесу қатысушылары Фукусима префектурасы аумағындағы радиоэкологиялық зерттеулер нәтижелерімен танысу мүмкіндігін алды. Түрлі елдер өкілдерінің пікірталасы барысында радиациялық мониторингілеуді ары қарай дамыту, контрмераларды әзірлеу және қолдану бойынша пікірлер айтылып, ұсыныстар жасалды.