Posted: 29.10.2018
Радиациялық қауіпсіздік және экология институтын (РҚЭИ) құру туралы ой Семей ядролық сынақ полигоны (ССП) жабылған соң полигонның зерттеу орталығы ретінде жаңа құрылым болып қалыптасуы барысында келді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ССП жабу туралы Жарлығы 1991 жылы 29 тамызда жарияланды, ал 1992 жылдың мамыр айында ҚР Министрлер Кабинетінің № 779 «ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен Атом энергиясының […]
Posted: 23.01.2024
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының биодозиметриялық зерттеулер зертханасы цитогенетикалық зерттеулер тобының бастығы Минкенова Қырмызы Серікқызын кандидаттық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз және қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамай, өз қызметінде табысқа, жоғары жетістіктер мен марапаттарға талаптануға тілектеспіз!
Posted: 15.06.2023
2023 жылғы 14 маусымда «Жалпыресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ, Обнинск қ. жанындағы 24.1.013.01 (Д 006.068.01) Диссертациялық кеңесте биологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші Асия Еркебековна Кундузбаева «Семей сынақ полигонының топырағындағы радиоактивті ластану қалыптасуының әртүрлі жағдайлары кезіндегі жасанды радионуклидтердің қозғалғыштығын зерттеу» кандидаттық диссертациясын табысты қорғап шықты. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтындағы өз еңбек қызметін […]
Posted: 07.09.2020
Ағымдағы жылы ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты «Қазақстан радиоэкологиясының өзекті мәселелері» топтамасының кітаптарын сыйға тартудың дәстүрге айналған акциясын ұйымдастырды. Үш тілдегі кітаптың алты шығарылымын Павлодар қ. Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының филиалы және Орталықтандырылған қалалық кітапханасы; РҒТК Ақмола филиалының ғылыми-техникалық кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің кітапханасы және Л.Н. Гумилев […]
Posted: 12.07.2019
2019 жылғы 09-11 шілде аралығында Литвада (Вильнюс қаласы) радон карталарын әзірлеу және радонға ұшыраған аудандарды анықтау бойынша жұмыс кездесуі өтті, оған Ресей, Қазақстан, Польша, Беларусь, Украина, Португалия, Қырғызстан, Чехия, Болгария, Греция, Словакия, Венгрия, Босния мен Герцеговина, Эстония, Румыния, Сербия, Албания, Кипр мамандары қатысты. Жұмыс кездесуіне ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан радиациялық […]
Posted: 19.12.2023
15 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы жыл сайын ұйымдастыратын «Қазақстанның ядролық әлеуеті» тақырыбында жас мамандарға арналған XIX халықаралық семинар өтті. ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы «Радиоэкология және геофизика мәселелері» секциясына белсенді қатысып, Институт қызметкерлерінің ауызша: Д.Б. Бияхметова «Жіті және созылмалы сәулелену сценарийі кезінде жеке сіңірілген дозаны бағалау үшін биологиялық дозиметрия әдістерін қолдану» тақырыбында […]
Posted: 05.09.2017
2017 жылғы 23-24 тамыз аралығында Астанада «Әлемдік Ядролық тәртіп: Қауіпсіздіктің ауқымды және аймақтық мәселелері және серіктестік келешегі» 10-шы халықаралық студенттік/жасөспірімдер Пагуош (ISYP) конференциясы өтті. Халықаралық студенттік/жасөспірімдік Пагуош қозғалысы — бұл Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының иегері (1995 жыл), Пагуош Ғалымдар Қозғалысымен қауымдастырылған тәуелсіз ұйым. Аталған конференция қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпаумен байланысты мәселелер мен сұрақтардың кең […]
Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]