«Ядролық және радиологиялық апаттарға дайындық» тренинг-курсы

2022 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы шеңберінде бетпе-бет өткізу режимінде «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» атты жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты — тыңдаушыларда радиациялық авариялық жағдайға уақтылы және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерді қалыптастыру, олардың дағдыларын жетілдіру және халықты қорғау техникасын оқыту. Курс келесі практикалық мәселелерді қамтиды: төтенше жағдайды бақылауды қалпына келтіру; апаттың халық пен қоршаған орта үшін жағымсыз салдарының алдын алу және азайту; апат салдарын жоюға тартылған қызметкерлердің шамадан тыс сәулеленуінің алдын алу. Курс жұмысына екі жапондық сарапшы (JAEA кадрларды даярлау орталығының қызметкерлері), он бес қазақстандық (ҚР ҰЯО қызметкерлері) және ҚР ҰЯО жұмыскерлері қатарынан он алты тыңдаушы қатысты.