«Ядролық ғылым және технологиялар» IV Халықаралық ғылыми форумына қатысу
04.10.2022
2022ж. 26 және 30 қыркүйек аралығында Алматы қ. Қазақстан Республикасының Ядролық физика институтында «Ядролық ғылым және технологиялар» IV Халықаралық ғылыми форумы болып өтті. Форум Қазақстан Республикасының ЭМ ЯФИ 65-жылдығына арналды. Аталған ғылыми шараға ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 10 жұмыскері онлайн форматта, сол сияқты офлайн форматта да қатысты. Онлайн форматта Е.Н.Поливкина мен Д.В.Турченконың 2 баяндамасы ұсынылды, О.О.Марченко, Р.Г.Ермакова мен Т.Ш.Тоқтағанов постерлерімен қатысты. «Радиациялық экология және талдау әдістері» секциясында Ж.Е.Жапашева, А.В.Топорова және Ю.В.Бакланова баяндама жасады. Аталған секцияда бұрынғы ядролық полигонның радиоэкологиялық зерттеулері, дозиметрия мәселелері және қатерді бағалау; радиациялық-қауіпті объектілер мен аумақтардың экологиялық қатерін төмендету технологиялары, радиоактивті қалдықтармен жұмыс және ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен ядролық криминалистикадағы аналитикалық әдістер туралы айтылды. Сол сияқты форумда ядролық физика; қатты денелердің радиациялық физикасы және материалтану мәселелері; атом энергиясы; медицинадағы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар секілді бағыттарға назар аударылды.