2022 жылғы 15-16 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалында Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов – 2022» Халықаралық Жастар ғылыми форумының құрамдас бөлігі болып табылатын және қазіргі заманғы қоғамның дамуындағы іргелі ғылымның рөліне арналған «Ломоносов – 2022» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XVII Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан 4 қызметкер Е.С. Сысоева, Ю.Е. Артамонов, А.М. Миратова және Т.К. Мусатаева қатысты. Конференцияның мақсаты студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне, қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге тарту, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның жаңа бастаған зерттеушілерінің білім беру және ғылыми байланыстарын нығайтуға жәрдемдесу болып табылады. Елена Сысоева «Модельдік эксперимент жағдайында өсімдіктердің морфо-анатомиялық көрсеткіштеріне радиациялық фактордың әсерін зерттеу» тақырыбындағы баяндамамен III орынды иеленді.
Благодарственное письмо Асану Оралхановичу
![](http://irse.nnc.kz/wp-content/uploads/2022/04/E.S.Sysoeva.jpg)
![](http://irse.nnc.kz/wp-content/uploads/2022/04/Prizery-sekc.3_.jpg)