Қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі конференция
12.06.2017
2017 жылғы 29 мамырдан 2 маусымға дейін Литва, Вильнюс қаласында Физикалық ғылымдар мен технологиялар орталығы ұйымдастырған, ENVIRA 2017 қоршаған ортаның радиоактивтілігі жөніндегі Халықаралық конференция өтті.
Конференцияда жер (атмосфера, гидросфера, биосфера және т.б.) және теңіз (теңіз суы, биота, түптік шөгінділер және т.б.) орталары зерттеулеріндегі табиғи және антропогенді радионуклидтер мен изотоптарды қолдану туралы жаңа ғылыми білімдер ұсынылған. Сондай-ақ конференция бағдарламасына төмен және жоғары энергетикалық масс-спектрометрия әдістерін, «in situ» өлшеу әдістерін, үздіксіз мониторингілеу жүйелерін және басқа аналитикалық әзірлемелерді қосқандағы, радиоактивтіліктің төменгі деңгейлерін анықтау әдістеріндегі жаңа технологиялық жетістіктер де енгізілген. Сол сияқты, Чернобыль апаты мен «Фукусима-1» АЭС апаты зардаптарын және ластанған аумақтарды ремедиациялау әдістерін қоса алғандағы, қоршаған ортаны радиациялық әсерлерден қорғау бойынша радиоэкологиялық тақырыптар қарастырылған болатын.
Ұйымдастырушылардың шақыртуы бойынша аталған конференцияның жұмысына ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан Кабдыракова Алуа, Романенко Виталий, Турченко Денис и Айдарханова Альмира қатысты. Біздің ғылыми қызметкерлеріміз біздің институтта жүргізілетін зерттеулер және жұмыстар туралы 4 ауызша және 14 постерлік баяндама ұсынды.