Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні онлайн-кездесу өтті

2020 жылғы 3 қыркүйек сағ. 16:00-де Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған онлайн кездесу өтті. Шара ұйымдастырушысы Kazakhstan American Corners. Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан «Семей полигоны. Тарихы және қазіргі ахуалы» тақырыбында Оқу-ақпараттық орталығының қызметкерлері А.О. Омарханова мен А.Е. Каиржанов баяндама жасады. Баяндама барысында Семей сынақ полигонының интерактивті карталарының материалдары (мұрағаттық фото-бейне материалдар, радионуклидтардің таралу карталары, виртуалды панорамалар, ресми көздер мен ғылыми еңбектерден үзінділер) көрсетілді. Сол сияқты Қазақстан Республикасының әр облысынан спикерлер баяндама жасады. Онлайн-кездесу барысында ядролық қару саласындағы сұрақтар қарастырылды. Тарих. Прогресс. Сын-қатер. Әлемдегі ядролық сынақтардың зардаптары. Ұйымдастырушының қорытындысы бойынша ҚР ҰЯО РМК Радиациялық қауіпсіздік және экология институты қызметкерлерінің баяндамасы жоғары деңгейде дайындалғандығы атап өтілді.