«Қазақстанның ядролық потенциалы» жастар семинары

2022 жылғы 02 желтоқсанда, Астана қ. «Қазақстанның ядролық потенциалы» ассоциациясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы XVIII жастар семинары өтті. Семинарда 6 бағыт қарастырылды: ядролық өнеркәсіп саласында кадрларды даярлау; радиоэкология, геофизика мәселелері; уран өндіретін өнеркәсіпті дамыту; атом станцияларын пайдалану; заманауи ядролық физика; атом энергиясы және ядролық физика мәселелері. Семинарда Қазақстан Республикасының ҚР ҰЯО РМК, «СТХК» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «ЖТИ» ЖШС, АЭС БҰА Мәскеулік орталығы, «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК АҚ, АО «УМЗ», сондай-ақ ТПУ мен ҚБТУ секілді атом ғылымы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жас мамандары қатысты. Семинар барысында «радиоэкология, геофизика мәселелері» бағыты бойынша ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкерлері О.О.Марченко «1121 (BOMB PARR) оттегі жану ыдысының көмегімен қоршаған орта объектілерінде тритийді анықтау әдістемесін өңдеу» тақырыбында және Р.Г.Ермакова «Дегелен» алаңындағы ағынсулардың түптік шөгінділерінде радионуклидтердің, оның ішінде 3Н әртүрлі формаларының тік таралуын зерттеу» тақырыбында өз баяндамаларын ұсынды. Семинарға қатысушылар жүргізілген жұмыс туралы баяндамаларын ұсынды, нәтижелерін көрсетті, алған білімдерімен және іс-тәжірибелерімен бөлісті.