«Радиобиология: Өзекті мәселелер» Халықаралық ғылыми конференциясы, Гомель қаласы

2018 жылғы 27 және 28 қыркүйекте Гомель қаласында Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Радиобиология институты базасында «Радиобиология: Өзекті мәселелер» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті, оған түрлі елдердің (Беларусь, Қазақстан, Литва, Ресей, Швеция, Жапония) ғалымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан конференция жұмысына Н.В. Ларионова және А.Е. Кундузбаева қатысты, олар «Семей полигонындағы ядролық сынақтардан кейінгі алыс кезеңдердегі дала және орман экожүйелері өсімдіктеріндегі жасанды радионуклидтер» және «Семей сынақ полигонындағы жерүсті сынақтарының түсулеріне ұшыраған орман экожүйелері топырақтарындағы жасанды радионуклидтерді анықтау формалары» баяндамаларымен сөз сөйледі.

Бұдан басқа, қатысушылар ұсынған баяндамаларда түрлі диапазондағы электромагнитті иондамаушы сәулеленулердің биожүйелерге әсерін бағалау, радиация әрекетінің медика-биологиялық аспектілері, биотаға және адамға сәулелену дозаларын қалыптастыру, оларды төмендету тәсілдері бойынша ғылыми зерттеулер нәтижелері берілген.

Конференция шеңберінде Радиодиология институтының негізгі зертханалары бойынша экскурсиялар ұйымдастырылған, оның барысында қатысушылар үшін кәсіпорынның негізгі бағыттарымен, оның аппаратуралық-әдістемелік жабдықталуымен танысу мүмкіндігі туындады.

Қызметкерлер үшін ғалымдармен, атап айтқанда, ҰҒА Беларусь Радиобиология институтынан, Беларусь мемлекеттік университетінен, Литва физикалық ғылымдар мен технологиялар орталығы, РҒА УБ Екатеринбург өнеркәсіптік экология институтынан келген әріптестермен жаңа байланыстарды орнату конференцияға қатысудың оңды нәтижесі болып табылды.