Жарияланған: 23.02.2018
2018 жылғы 21 ақпанда жас буынды туған елінің тарихымен және ерекшелігімен ақпараттандыру, сонымен қатар, Ұлттық ядролық орталығы және оның қызметімен таныстыру мақсатында, Курчатов қаласы № 4 мектебінің жоғарғы сыныптары оқушылары мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» РМК жас мамандарының кездесуі өтті. Оқушылар назарына ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының ғылыми қызметкері Арман Миниязов пен […]
Жарияланған: 11.10.2018
2018 жылғы 27 және 28 қыркүйекте Гомель қаласында Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Радиобиология институты базасында «Радиобиология: Өзекті мәселелер» Халықаралық ғылыми конференциясы өтті, оған түрлі елдердің (Беларусь, Қазақстан, Литва, Ресей, Швеция, Жапония) ғалымдары қатысты. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтынан конференция жұмысына Н.В. Ларионова және А.Е. Кундузбаева қатысты, олар «Семей полигонындағы ядролық […]
Жарияланған: 24.08.2017
ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы 2013 жылдан бастап «Радиоэкология жөніндегі Еуропалық Альянс» халықаралық қауымдастығының мүшесі болып саналады. Альянс қызметі радиоэкологиялық зерттеулер жүргізумен, білім берумен, халықты ағартумен, білімдерді басқарумен, Альянс елдерінің лайықты ұйымдарымен, сонымен қатар, ЕО мекемелерімен және басқа халықаралық ұйымдармен (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік, Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия, Халықаралық […]
Жарияланған: 10.06.2020
Семей сынақ полигоны (ССП) жерасты суларының радиациялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу үшін ҚР Ұлттық ядролық орталығында 2010 жылы ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының білікті мамандары – геологтар, гидрогеологтар, бұрғылау қондырғысының машинистерінен арнайы құрылым құралған болатын. Құрылымның техникалық қамтамасыз етілуі түрлі диаметрдегі 100 м дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларды бұрғылауға, жерасты сулары мен керндерінен сынамаларды іріктеп алуға және […]
Жарияланған: 14.11.2019
2019 жылғы 7-9 қазан аралығында Алматы қаласында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. ҚР ҰЯО РМК филиалынан конференция жұмысына Шатров А.Н., Кенжина Л.Б., Кривицкий П.Е., Тлеуканова Ж.Е., Актаев М.Р. қатысты. Энергия және ресурстарды сақтау, атомдық өнеркәсіпте цифрлық технологияны қолдану, сирек және сирек жер металдары мен жоғары технологиялық өнімдерді өндірудің тиімді технологиялары мен ресурстары, уран минералды-шикізатты базасын кеңейту […]
Жарияланған: 19.09.2018
2018 жылдың 11 және 13 қыркүйегі аралығында «Ұлттық ядролық орталық» РМК базасында «Семей сынақ полигоны: мұра және ғылыми-техникалық әлеуеттің даму келешегі» VIII Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция екі атаулы оқиғаға арналды: «Атом энергиясы институты» филиалының 60-жылдығы және «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының 25-жылдығы. Конференция тақырыбы екі бағытты қамтыды: Радиациялық экология мен медицина […]
Жарияланған: 21.07.2020
Соңғы бірнеше жыл ішінде ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері тритийдің қоршаған орта нысандарындағы әрекетін, оның ішінде OСT-нің, өсімдіктерде жинақталуын және қайта бөлу процестеріне зерттеу жүргізуде. Тәжірибелер әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарымен жасанды түрде жасалған оранжерея жағдайларында да, Семей сынақ полигонының (ССП) тритиймен ластануының табиғи жағдайларында да жүргізіледі. Техногенді тритий – бұл адам ағзасына […]
Жарияланған: 06.11.2020
2020 жылдың 5-6 қарашасы аралығында ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласында Азия елдерінің ядролық ынтымақтастығы форумының (FNCA) аясында онлайн-семинар өтуде. Форум изотоптық әдістердің көмегімен бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан климаттық өзгерістерді зерттеулерге арналған, ол ядролық әлеуетті бейбіт мақсатта қолдануды дамытуда маңызды орын алады. Австралия, Бангладеш, Қытай, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Тайланд, Вьетнам климаттық жобаның қатысушылары […]