2010 жылы РҚЭИ филиалы бөлімдері мен зертханалырының базасында «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» Сынақ орталығы (бұдан әрі РЗО СО) құрылды, ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесінде ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынау және калибровкалау зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы тараптарына сәйкестікке акредитациялаудан өтті.
2019 жылғы мамыр айынан бастап Сынақ орталығының жетекшісі РҚЭИ филиалы директордың орынбасары М.А. Умаров болып табылады. ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 стандартына сәйкес келетін менеджмент жүйесін әзірлеу, филиалда жүйенің қызметінің қолдаумен зерттеулер сапасын қамтамасыз ету тобы айналысады. Топ бастығы, сондай-ақ РЗО СО СО сапа жөніндегі жауапты Т.В.Коровикова болып табылады.
Сынақ орталығының аккредитациялау саласына келесі сынақтар енгізілген:
- радиологиялық өлшеулерді жүргізу (МДҚ, МЭД, альфа-, бета-бөлшектер ағымының тығыздығы) (РЗЭҚБ);
- қоршаған орта нысандарында, азық-түлікте, құрылыс материалдарында, көмірде, минералды шикізатта және т.с.с. альфа-, бета-, гамма-сәуле шығарушы радионуклидтерді анықтау (АЗБ, ҚОМЖӘБ, ЭКЗБ);
- жеке дозиметриялық бақылау (РЗЭҚБ);
- рентген аппараттардың эксплуатациялық параметрлерін бақылау (РЗЭҚБ);
- қоршаған орта нысандарының, азық-түліктің элементтік құрамын анықтау (АЗБ);
- топырақтардың су сығындысының гранулометриялық құрамы мен көрсеткіштерін анықтау (ЭКЗБ);
- суларды жалпы химиялық талдау (ҚОМЖӘБ).