Радиоэкологиялық және биодозиметриялық зерттеулер бөлімі

Радионуклидтердің тағамдық тізбек бойынша жылыстау параметрлерін зерттеу

Бөлімнің негізгі ғылыми бағыттарының бірі табиғат ортасының құрауыштарының арасында радионуклидтердің қайта таралу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады:

  • Топырақтың гранулометриялық фракциялары бойынша радионуклидтердің таралуын зерттеу.
  • Топырақтағы радионуклидтерді табу формаларын (жылжымалығын) зерттеу.
  • Топырақтың физика-химиялық қасиеттерін анықтау.
  • Топырақ-өсімдік жамылғысындағы техногенді радионуклидтердің кеңістіктік және тігінен жылыстау ерекшеліктерін зерттеу.
  • Радионуклидтердің радиоактивті-ластанған аумақта алынған кезінде мал шаруашылығы өніміне түсуін тәжірибелік бағалау.
  • Радионуклидтердің радиоактивті-ластанған аумақта өндірілген кезінде өсімдік шаруашылығы өніміне өтуін тәжірибелік бағалау және осы процеске әсер етуші факторларды оқып-зерттеу.
  • Қоршаған орта сынамаларын радионуклидті және элементті талдауға дайындау.

Физика-химиялық талдау түрлері:

  • органикалық заттектің мөлшерін анықтау;
  • гранулометриялық және микроагрегаттық құрамын анықтау;
  • алмаспалы катиондар мен суда еритін тұздардың мөлшерін анықтау;
  • ылғалдылығын анықтау;
  • қышқылдығын (рН) анықтау.

Қоршаған ортаның адам мен тірі табиғатқа әсер етуші факторларын бағалау

Аталған бағытта келесі жұмыс түрлері жүргізіледі:

  • өсімдіктердің морфоанатомиялық зерттеулері;
  • өсімдіктердің цитогенетикалық зерттеулері;
  • биодозиметрияның цитогенетикалық: дицентрикалық әдіс, цитокинезді бұғаттаумен микроядролық сынақ, флуоресценттік гибридизация in situ әдістерінің көмегімен адамның жеке сіңірілген дозасын есептеу.