Мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімі

Мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер бөлімінің негізгі бағыттары:

– радиоактивті-ластанған аумақтарда радиациялық мониторингінің қызметі мен дамуын қамтамасыз ету;

– қоршаған ортаның ахуалын бағалау үшін экологиялық-аналитикалық зерттеулер жүргізу болып табылады.

Зерттеулер жүргізу шеңберінде бөлім келесі жұмыстар түрін орындайды:

I. Су объектілерінің ахуалын бағалау
  • Радиоактивті-ластанған және оған іргелес учаскелерде жербеткі және жерасты суларда табиғи және техногенді радионуклидтердің мөлшерін анықтау.
  • Тұрғын кешендердің аумағындағы шаруашылық жүргізу орындарында супайдалану объектілерінің сапасын радиациялық белгісі бойынша бақылау «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкестігін белгілеу үшін әртүрлі сипаттағы супайдалану объектілері суларының жалпы химиялық және элементтік құрамын анықтау.
II. Атмосфералық ауаның сапасын бағалау
  • Атмосфералық ауада табиғи және техногенді радионуклидтердің мөлшерін анықтау.
  • Ауа ортасының ластануына әсер ететін климаттық факторларды анықтау.
  • Радионуклидтердің ауада жылыстау процесінің заңдылықтарын зерттеу.
  • Радиоактивті-қауіпті объектілердің әсеріне ұшыраған аумақтарда ауа ортасындағы тритийдің мөлшерін анықтау.
III. Гамма-спектрометриялық өлшеулер
  • Қоршаған орта объектілерінде және биосубстраттарда осы саланың әлемдік көшбасшыларынан жоғарытаза германийдің негізіндегі Canberra және Ortec жартылай өткізгіш детекторларын пайдалана отыра техногенді (241Am, 137Cs, 152,154,155Eu, 60Co) және табиғи (40K, 226Ra, 228Ac, 210,212,214Pb, 235,238U) радионуклидтердің белсенділігін анықтау.
  • Гамма-спектрометриялық әдістің сезімталдығы шамамен 0,5 Бк/кг құрайды.
IV. Спектрометриялық талдау
  • Қоршаған орта объектілерінің сынамаларында және биосубстраттарда 238,239+240Pu, 241Pu, және 210Ро радионуклидтерін Alpha Ensamble, Alpha Analyst альфа-спектрометрлерін және 90Sr Tri-Carb 2910TR сұйықсцинтилляциялық есептегішті пайдалана отыра спектрометриялық талдау.
  • Альфа- және бета-спектрометриялық талдаулардың сезімталдығы 0,2 Бк/кг және тиісінше 7 Бк/кг.
V. Элементтік құрамды анықтау
  • Рентгенфлуоресцентті талдау (РФА), атомдық эмиссиялық (ИСП-АЭС) және с индуктивті-байланысқан плазмасы бар массспектрометрия (ИБП-МС) әдістерімен әртүрлі объектілердің (су, топырақ, түптік шөгінділер, өсімдік, аэрозолдар, биосубстраттар, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тағамдары, құрылыс материалдары және т.б.) элементті құрамын анықтау.
  • Сәйкестендірілетін элементтер тізбегі өзіне уранның изотоптық мөлшерін қоса отыра, литийден (Li) бастап уранға (U) дейінгі спектрді қамтиды.
VI. 3Н және 14С анықтау
  • Еркін және органикалық байланысқан формада 3Н белсенділігін анықтау. Органикалық байланысқан формада 3H есептік үлгілерін (өсімдік, азық-түлік тағамдары) Sample Oxidizer автоматты қондырғыны пайдаланумен дайындау. Үлгілерді талдау Quantulus 1220 төменфонды спектрометрінде жүргізіледі. Судағы 3H талдау сезімталдығы – шамамен 5 Бк/л.
  • 14С белсенділігін анықтау «Pyrolyser-6 Trio» пайдалана отыра, кез келген материалдар мен объектілерден (топырақ, түптік шөгінділер, азық-түлік тағамдары, биота, құрылыс материалдары, металдар және биосынамалар) жүргізіледі. Үлгілерді талдау SL-300 Hidex альфа-бета-радиометрінде жүргізіледі.
VII. Ішкі сәулелену дозаларын анықтау
  • Әшкі сәулелену дозаларын дозиметрияның есептік әдістер мен биофизикалық әдістерін пайдалана отыра бағалау. Биофизикалық әдістер несептің тәуліктік сынамаларының талдауы (3H, 238Pu, 239+240Pu, 210Ро, 241Am, 90Sr, 137Cs) және адамның сәулеленуін есептегіштегі өлшеулері (137Cs, 241Am) арқылы беріледі. Дозалық жүктемені есептеу ағзадағы радионуклидтердің нақты мөлшерінің негізінде жүргізіледі.
VIII. Инженерлік-геологиялық ізденістер
  • Жерасты суларының гидрогеологиялық зерттеулер кешенін (ағынның жылдамдығы, шығын, жербеткі сулардың деңгейі, ағынның бағыты, дебит және сүзгілеу коэффициенттері) жүргізу. Инженерлік-геологиялық ізденістерді құмтопырақ пен судың сынамаларын іріктеумен бұрғылау жұмыстарын қолдану арқылы орындау, ұңғымаларды шнектік тәсілмен салу тереңдігі — 70 м дейін, пневмосоққымен – 100 м дейін.
IX. Изотоптық талдау
  • Жербеткі және жерасты суларының қалыптасу механизмдерін және олардың радионуклидті ластану көздерін анықтау, атмосфералық жауын-шашындар мен судың изотоптық талдауын изотоптық гидрология әдісін қолданумен жүргізу. Әдіс стабильных судағы 18О/2Н тұрақты изотоптарының қатынастарын LGR 912-0008 лазерлік изотоптық талдаушыны пайдалана отыра анықтауға негізделген.
X. ССП аумағында шаруашылық қызметке радиоэкологиялық ілеспе «Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және жүргізілген ядролық жарылыстар нәтижесінде ластанған басқа аумақтардағы қызметті лицензиялау қағидаларын» сақтау мақсатында жүргізіледі, оларға сәйкес ССП аумағындағы қызметтердің барлық түрлері міндетті радиоэкологиялық ілестірумен жүзеге асырылуы тиіс, оған енетіндер:
  • Су және ауа ортасын, күндізгі беткі қабатты радиациялық бақылау.
  • Техника мен жабдықтардың радиометриялық өлшеулері.
  • Шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қамтылған персоналды дозиметриялық бақылау
XI. Радионуклидтік және элементтік құрамның стандартты үлгілерін жасау
  • Радионуклидті және элементті құрамдағы стандартты үлгілерді әртүрлі табиғи матрицалардың (өсімдік, топырақ, түптік шөгінділер) негізінде жасау. Стандартты үлгілердің тапсырыс берушінің қызығушылығын ескере отыра, оларды түзету мүмкіндіктері бар аттестатталатын параметрлерінің кең спектрі (241Am, 137Cs, 152Eu, 60Co, 90Sr, изотоптар Pu , Zn, Cu, Pb, Cd, Co, Fe, Mn, As). Шамалар мен көрсеткіштердің стандартты үлгілерді сипаттайтын аттестатталған мәндері жоғары нақты спектрометриялық зерттеулердің деректері бойынша белгіленеді.