«Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығы

2010 жылы РҚЭИ филиалы бөлімдері мен зертханалырының базасында «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» Сынақ орталығы (бұдан әрі РЗО СО) құрылды, ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аккредитациялау жүйесінде ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 «Сынау және калибровкалау зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы тараптарына сәйкестікке акредитациялаудан өтті.
2019 жылғы мамыр айынан бастап Сынақ орталығының жетекшісі РҚЭИ филиалы директордың орынбасары М.А. Умаров болып табылады. ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 стандартына сәйкес келетін менеджмент жүйесін әзірлеу, филиалда жүйенің қызметінің қолдаумен зерттеулер сапасын қамтамасыз ету тобы айналысады. Топ бастығы, сондай-ақ РЗО СО СО сапа жөніндегі жауапты Т.В.Коровикова болып табылады.
Сынақ орталығының аккредитациялау саласына келесі сынақтар енгізілген:
  • радиологиялық өлшеулерді жүргізу (МДҚ, МЭД, альфа-, бета-бөлшектер ағымының тығыздығы) (РЗЭҚБ);
  • қоршаған орта нысандарында, азық-түлікте, құрылыс материалдарында, көмірде, минералды шикізатта және т.с.с. альфа-, бета-, гамма-сәуле шығарушы радионуклидтерді анықтау (АЗБ, ҚОМЖӘБ, ЭКЗБ);
  • жеке дозиметриялық бақылау (РЗЭҚБ);
  • рентген аппараттардың эксплуатациялық параметрлерін бақылау (РЗЭҚБ);
  • қоршаған орта нысандарының, азық-түліктің элементтік құрамын анықтау (АЗБ);
  • топырақтардың су сығындысының гранулометриялық құрамы мен көрсеткіштерін анықтау (ЭКЗБ);
  • суларды жалпы химиялық талдау (ҚОМЖӘБ).
Сынақтардың орындалу сапасын растау үшін Сынақ орталығы тек қана Қазақстан Республикасындағы ұйымдар-провайдерлермен ғана емес, сонымен қатар Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігімен (АТЭХАГ), Канадалық ядролық зертханаларымен бірге зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізуге қатысады. «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» Сынақ орталығы аккредитация саласындағы берілген сынақтарды жүргізу саласында қызмет атқара отыра, өзінің саясатын Тапсырыс берушілерге қызмет ұсыну сапасын жоғарылатуға бағыттайды (Менеджмент жүйесі саласындағы саясат). Кәсіпорын басшылығы сынақтарды жүргізу кезінде бейтараптылықты қамтамасыз етуге кепілдеме береді, техникалық пікірдің тәуелсіз ұстанымдарын ұстанады және сынақтардың нәтижелеріне қандай да бір әсер етпеуге міндеттенеді (Бейтараптылық саясаты). РЗО СО сынақтарды жүргізу процесінде алынған немесе құрылған ақпараттың құпиялығын сақтауға бағытталған саясаты, тәртібі және қажетті техникалық құралдары бар (Құпиялық саясаты). Сынақтарды жүргізу жөніндегі қызметті жақсарту үшін РЗО СО басшылығы мақсаттарға жетуге және сапа саласындағы қойылған міндеттерді орындауға барлық жұмыскерлерді жұмылдыруды қамтамасыз етеді (РЗО СО сапа саласындағы мақсаттары мен міндеттері). Арыз-талаптарды, наразылықтар мен рекламацияларды РЗО СО қызметтеріне Тапсырыс беруші ресми хат арқылы ресімдеп, электрондық пошта арқылы немесе сайтта өтініш бере алады (Кері байланыс).