Posted: 28.07.2020
Судағы радионуклидтердің құрамын бақылау тәсілдерінің бірі – су ортасының радиоэкологиялық мониторингі. Мониторинг жүргізу кезінде радионуклидтердің жергілікті «аялық» шоғырлануын анықтау маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Радиациялық өлшемдердің нәтижелерін аялық мәндерді анықтау нәтижелерімен салыстыру қоршаған ортаның сапасының өзгеруінде қолайсыз үрдістерді анықтауға, осы өзгерістердің даму болжамын құруға және қажет болған жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған […]
Posted: 20.01.2021
«Топырақ-өсімдік» жүйесінде 137Cs, 90Sr, 241Am және басқа радионуклидтердің жылыстауының қарқындылығына әсер ететін процестерді сәйкестендіру мақсатында ҚР ҚЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкерлері эксперименталдық оранжерея базасында модельдік вегетациялық эксперименттер сериясын жүргізілді. Нәтижесінде салат (Lactuca sativa), бұрыш (Capsicum annuum) және томат (Solanum lycopersium) дақылдар үшін техногенді радионуклитердің жинақталу параметрлерінің мәндері алынды. ССП-ының радиоактивті ластану типі мен […]
Posted: 09.02.2021
ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалы «Бұрынғы Семей сынақ полигонының жерлерін шаруашылық пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу» KAZ9014 АТЭХАГ-пен техникалық ынтымақтастық жобасы шеңберінде Parr Instrument компаниясының 1121 оттегілік жану ыдысын пайдалануға алды. Ағымдағы жылдың ақпан айында Parr Instrument компаниясының қызметкерімен жабдықты теңшелеу және тестілік іске қосу бойынша онлайн-тренинг өткізілді. Бұл жабдық одан әрі талдау жүргізу […]
Posted: 07.10.2019
2019 жылғы 03-04 қазан аралығында Обнинск қ., Ресей, «Бүкілресейлік радиология және агроэкология ғылыми-зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі (БРАЭҒЗИ ФМЮҒМ) ұйымдастырған «Радиобиология, радиоэкология және агроэкологияның заманауи мәселелері» Халықаралық жастар конференциясы өтті. Конференцияда математикалық үлгілеу және цифрлық технология, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібіндегі технологиялар мен ядролық-физикалық зерттеулер, топырақтың техногенді және агрогенді ластануы аясындағы радиациялық биология, […]
Posted: 17.05.2019
АҚШ елшісі Уильям Х. Мозер Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде «Байкал – 1» зерттеу реакторларының кешеніне барып, атом энергетикасын дамыту және ядролық қаруды таратпау сұрақтарын шешу саласындағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастық шеңберіндегі жобалардың іске асырылуымен танысты. Атап айтқанда, БН -350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын тасымалдау және ары қарай сақтау жөніндегі бірегей жобаны іске асыру, нысандардың физикалық […]
Posted: 08.11.2018
АТЭХАГ Техникалық ынтымақтастық жобаларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 8 қарашасында ҚР Ұлттық ядролық орталығына АТЭХАГ Техникалық кооперациясы департаментінің өкілі Katherina Deufrains (Катерина Дюфрейнс) келді. Сапарының негізгі мақсаты АТЭХАГ ТЫ ұлттық жобаларын іске асыру мәселелері болып табылады, бүгінгі күнде олар бойынша Ұлттық ядролық орталығында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл «Реакторлық қондырғының ақпараттық – өлшеу жүйесін әзірлеу» […]
Posted: 18.02.2020
2020 жылғы 17 ақпанда ҚР ЭМ Ядролық технологиялар паркі базасында ҚР ҚЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының қызметкерлері Л.Б. Кенжина мен Д.Б. Бияхметова ядролық және радиациялық технологияларды ауыл шаруашылығында, тағам өнеркәсібінде, медицинада және адам қызметінің басқа да салаларында қолдану аясындағы бірлескен зерттеулердің келешегін талқылау жөніндегі жұмыс кездесуіне қатысты. Қазақ Ұлттық Өсімдік қорғау және […]
Posted: 15.02.2021
«Ядролық аналитикалық әдістердің көмегімен Жерорта, Қара, Каспий және Арал теңіздерінің жағалауындағы аудандарды басқаруды жақсарту» RER7015 АТЭХАГ жобасының шеңберінде ағымдағы жылдың 11 ақпанында онлайн-кездесу өтті, оған Қоршаған ортаны мониторингілеу жүйелерін әзірлеу бөлімі тасымал механизмдерін тәжірибелік зерттеу зертханасының бастығы А.К. Айдарханова қатысты. Кездесуде қарастырылған негізгі мәселе – қоршаған ортаға зерттеу жүргізген кезде сапа менеджменті жүйесін дамыту және […]