Posted: 24.08.2018
ҚР Ұлттық ядролық орталығы «Семей сынақ ядролық полигонының радиоэкологиялық ахуалы» деректер базасы-авторлық құқық нысанына құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағына қатысты ақпараттың ауқымды көлемі жинақталған, бұл түрлі ұйымдар орындаған коммерциялық жобалардың, ғылыми-зерттеу бағдарламаларының нәтижелері. Деректерді сақтау, уақытында қол жеткізу және тиімді өңдеуге қатысты мәселелерді шешу үшін, […]
Posted: 04.10.2022
2022 жылғы 12-16 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) мен Жапонияның атом энергиясы агенттігінің (JAEA) ынтымақтастығы шеңберінде бетпе-бет өткізу режимінде «Ядролық және радиологиялық аварияларға дайындық» атты жыл сайынғы тренинг-курсы өтті. Курстың мақсаты — тыңдаушыларда радиациялық авариялық жағдайға уақтылы және тиімді әрекет ету шаралары туралы базалық түсініктерді қалыптастыру, олардың дағдыларын жетілдіру және халықты […]
Posted: 14.08.2023
Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің (JAEA) Кадрлық әлеуетті дамыту орталығы (NuHRDeC) нұсқаушыларды даярлау бағдарламасы (ITP) шеңберінде 2023 жылғы 05-26 шілде аралығында Токай қаласы (Жапония) ауданында ядролық және радиологиялық апаттық жағдайларға (NREP) дайындық тақырыбында үш апталық нұсқаушыларды даярлау курсын (ITC) өткізді. Курсқа ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан мониторингілеу және экологиялық-аналитикалық зерттеулер […]
Posted: 03.11.2017
2017 жылғы 1-3 қараша аралығында ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы радиоэкологияның қазіргі мәселелері жөнінде Жапонияның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мамандарымен JAEA-NNC RK семинарын ұйымдастырған. Семинардың бірінші күні жапон делегациясы мамандарының Ұлттық ядролық орталықтың және Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының басшылығымен кездесуінен басталды. Ары қарай күн […]
Posted: 27.04.2018
2018 жылғы 16-27 сәуір аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкерлері Паницкий Андрей мен Каширский Владимир Ресейдің Обнинск қаласындағы Росатом Техникалық академиясында өткен АТЭХАГ «Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жобаларды жоспарлау, енгізу және басқару» 4-аймақтық курсына (Regional Training Course 4 on the Project Planning, Implementation and Management of Environmental Remediation Projects) қатысты. Оқыту барысында біздің […]
Posted: 20.09.2019
2019 жылғы 19 қыркүйекте Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының Көрмелік-ақпараттық орталығында «Жастар. Ғылым. Инновациялар» ІІІ Жастар ғылыми-техникалық конференциясы өтті. Конференцияға «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Инкай» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Казцинк» ЖШС сияқты Қазақстан Республикасының түрлі кәсіпорындарының ғалымдары мен мамандары қатысты. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалынан: Зерттеу деректерін талдау тобының 1 санатты технигі […]
Posted: 05.09.2017
Ағымдағы жылдың 3 тамызында Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына келу бағдарламасының шеңберінде, Қазақстан дамуының ілгерілемелі динамикасын айқындауды мақсат еткен масштабты телефильм дайындап жатқан «Эн Эйч Кей» NHK жапон телерадиокомпаниясының түсіру тобы келді. Жапон телекомпаниясының редакциясы фильмнің бір бөлігін Қазақстан және Жапония аумағындағы ядролық жарылыстардың қайғылы тарихына, екі елдің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы түйісу нүктелеріне […]