Жарияланған: 13.09.2019
Курчатов қаласына жұмыс сапарының бірінші күнінде Корея Республикасы Бірлесу министрлігінің қызметкерлері ҚР ҰЯО РМК басшылығымен кездесіп, ситуациялық орталыққа барды. Делегаттар Радиациялық қауіпсіздік және экология институтына, атап айтқанда, экожүйелерді кешенді зерттеу бөліміне, аналитикалық зерттеулер бөліміне, Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына, «Тәжірибе даласы» сынақ алаңына барды. Сондай-ақ делегаттар Атом энергиясы институты Токамак КТМ нысанына да барды.
Жарияланған: 05.03.2021
Азиядағы Ядролық кооперация форумы (FNCA) шеңберінде ағымдағы жылдың 3 және 4 наурызында ядролық және изотоптық әдістерді пайдалана отырып, климаттық өзгерістерді зерттеуге арналған онлайн-кездесу өтті. Кездесуде «Ядролық изотоптық технологиялар және климаттың өзгеруі» басты тақырыбы аясындағы негізгі баяндамалардан басқа үш сессия: «Су экожүйесі», «Жер үсті экожүйесі» және «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы» бойынша мәселелер қаралды. Кездесуге әлемнің […]
Жарияланған: 09.11.2022
Ғылыми-өндірістік базамен, аналитикалық өлшеулерді жүргізу әдістемесімен танысу, сондай-ақ ұзақ мерзімді өзара пайдалы қарым-қатынастарды құру үшін 2022 жылғы 8 қарашада Филиалға «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» АЕҚ биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері Валентина Николаевна Николаева келді. Сапар барысында қонақ үшін ССП тарихының экспозициялық залына, зертханалық корпустарға және тәжірибелік оранжереяға экскурсиялар ұйымдастырылды. Семинар […]
Жарияланған: 27.04.2018
2018 жылғы 16-27 сәуір аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкерлері Паницкий Андрей мен Каширский Владимир Ресейдің Обнинск қаласындағы Росатом Техникалық академиясында өткен АТЭХАГ «Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жобаларды жоспарлау, енгізу және басқару» 4-аймақтық курсына (Regional Training Course 4 on the Project Planning, Implementation and Management of Environmental Remediation Projects) қатысты. Оқыту барысында біздің […]
Жарияланған: 05.09.2017
Ағымдағы жылдың 3 тамызында Семей сынақ полигоны тарихының мұражайына келу бағдарламасының шеңберінде, Қазақстан дамуының ілгерілемелі динамикасын айқындауды мақсат еткен масштабты телефильм дайындап жатқан «Эн Эйч Кей» NHK жапон телерадиокомпаниясының түсіру тобы келді. Жапон телекомпаниясының редакциясы фильмнің бір бөлігін Қазақстан және Жапония аумағындағы ядролық жарылыстардың қайғылы тарихына, екі елдің атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы түйісу нүктелеріне […]
Жарияланған: 20.02.2019
«Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясы жыл сайын ядролық кәсіпорындардың жас мамандарына «Қазақстанның ядролық әлеуеті» семинарын ұйымдастырады. 2019 жылғы 18-19 ақпанда Алматы қаласында ҚР Атом ғылымы, энергетика және өнеркәсіп ардагерлерінің ІІ съезінің шеңберінде «Қазақстанның ядролық әлеуеті» Жастар семинары өтті. Ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша жастар семинарына РҚЭИ филиалының қызметкерлері талдаудың ядролық-физикалық әдістері зертханасының инженері Топорова Анна мен ғылыми-техникалық ақпараттар […]
Жарияланған: 03.09.2016
Конференция Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында, ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК базасында өткізіледі., 19 – 24 Қыркүйек 2016 Конференция ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы Халықаралық консультативтік кеңес Төраға: Джаксалиев Бакытжан Мухамбеткалиевич, ҚР Энергетика вице-министрі Кеңес мүшелері: Хель-Фабианек Бюркхард (Германия) […]