Бірегей экспонаттар мен ғылыми құжаттар

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында ҚР Ұлттық ядролық орталығы қазақстандықтар, сондай-ақ алыс және жақын шетел тұрғындары үшін Семей сынақ полигоны (ССП) тарихының экспозициялық залына экскурсиялар ұйымдастырды.

Экспозиция түпнұсқалық экспонаттармен, ғылыми құжаттармен ұсынылды. Қорда шамамен 100 жуық бірлік сақталады.

1955 жылы шығарылған 1-буынды AП2 бағдарламалық автоматы экспозицияның бірегей жәдігері болып табылады, ол ядролық зарядтарды жару аппаратын және «Тәжірибе даласының» тіркеу аппаратурасы кешенін іске қосуға арналған.

Экспозициялық залда ұсынылған аспаптардың бір бөлігі бірінші ядролық жарылыс алдында арнайы әзірленген және дайындалған. 1953 жылы Жер физикасы институты әзірлеген дәл осындай жабдық жылдамдығы жоғары түсірілімдерді жасауға мүмкіндік берді. Мысалы, тәжірибелік жұмыстарды кең ауқымды түсіруге арналған АКС-II-1000 ұзын фокусты киноаппараты секундына 1 000 000 кадр жасаған.

ССП тарихының экспозициялық залына баруға деген үлкен қызығушылықты ескере отырып, ашық есік күндерін өткізу тәжірибесі жалғасатын болады.