ХҒТО-ның «Атом» көлі ауданындағы кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жөніндегі жобасы

1 сәуірде ХҒТО-ның «Семей сынақ полигонындағы «Шаған» жерасты ядролық сынағы: экскавациялық ядролық сынақтардың экологиялық қатерін бағалау, Қазақстан Республикасы, Мәселені талдау» екінші жобасы бастау алды. Еске сала кетсек, Семей сынақ полигоны (ССП) ядролық қаруды сынауға арналған әлемдегі ірі полигондардың бірі болды. 1949 және 1989 жылдар аралығындағы кезеңде ССП аумағында ядролық сынақтар жүргізілді. Айта кету керек, полигон аумағының радиоактивті ластануына биіктіктегі ядролық жарылыстарға қарағанда, жерүсті және экскавациялық жарылыстар аса көп үлес қосты. бұл Жобаның мақсаттары:
  • «Атом» көлі мен жасанды су қоймасы жағдайының аймақ экожүйесіне әсерін бағалау;
  • «Атом» көлін ғылыми және шаруашылық мақсаттарда пайдалану ұсыныстарын әзірлеу.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жобаның бірінші жылында 4 негізгі міндеттер орындалатын болады: 1.Мұрағаттық ақпаратты жалпылау және талдау; 2.«Атом» көлі ауданында кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жүргізу; 3. «Атом» көлінің қоршаған ортасы нысандарындағы радиоэкологиялық параметрлердің маусымдық вариативтілігін зерттеу; 4.Алынған деректерді өңдеу және талдау. ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы. Коллаборатор ретінде Атом энергиясы жөніндегі Жапон агенттігі, Фукусиманың экологиялық қауіпсіздігі орталығы алынады. Жобаны іске асыру барысында «Атом» көлі нысаны аумағында жасанды радионуклидтердің алаңдық таралуының сипаты туралы деректердің алынуы; «Атом» көлінің үйіндісі бүйірінің жел эрозиясы процессін зерделеу және ауа-райының түрлі жағдайларында атмосфералық ауаға радионуклидтер түсуінің мөлшерлік деректерін алу; түрлі физика-химиялық параметрлерге тәуелділігін анықтай отырып, су қоймаларының зерттелетін беттері суларының радиоактивті ластануы жөніндегі деректерді алу; радионуклидтердің түптік шөгінділерден су өсімдіктеріне өтуі коэффициенттерін анықтау; жүргізілген зерттеулер нәтижелерін, оның ішінде, барлық алынған және өңделген спектрлерді (жаяу және су асты гамма-спектрометриялық түсірулер), көрсететін ГАЖ-жобасын әзірлеу. Жоба шеңберінде ГАЖ пайдалана отырып әзірленген жүйелердің негізінде жүргізілген зерттеулер радиациялық апаттар мен ядролық қаруларды сынау нәтижесінде зардап шеккен нысандардың ластануларын зерделеу бойынша кешенді зерттеулерді дайындау және жүргізудің ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеуде жаңа бағыттың дамуын жалғастыруға мүмкіндік береді. «Атом» көлі орналасқан аумақты кешенді зерттеу нәтижелері экскавациялық ядролық жарылыстарды жүргізу нәтижесінде қоршаған орта нысандарындағы радионуклидтердің жылыстауына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға негіз болады. Алынған деректерді өңдеу нәтижелері бойынша «Атом» көлі ауданындағы ортаның геоэкологиялық жағдайын интегралды бағалауға арналған әдістемелік негіз құралатын болады. Мінездік сценарийлерді есепке ала отырып есептелген тұрғындарға арналған дозалық жүктеме, сонымен қатар, анықталған және күтілетін экологиялық сәтсіздіктер аймағының бар екендігін көрсететін интегралды көрсеткіштердің мәндеріндегі жалпыланған сұлба оның негіздері болады. Осындай деректердің негізінде «Атом» көлі ауданында қалыптасқан экологиялық жағдайдың тұрғындарға және қоршаған ортаға теріс әсер етуін шектеу жөніндегі ұсынымдар әзірленетін болады. Аталған жоба түрлі ортадағы ядролық сынақтар және аумақтың радиоактивті ластануы салдарын зерделеу, сонымен қатар, қоршаған ортаны оңалтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік беретін қолданбалы зерттеулерді қолдау бойынша халықаралық мәселелерді шешуге көмегін тигізбек.