Бангкокқа сапар туралы

2018 жылғы 03-07 қыркүйек аралығында ҚР ҰЯО РМК РҚЭИ филиалының қызметкері Актаев Медет «Ядролық қондырғыларды орнату кезіндегі радиологиялық әсер етулерді, топан суды және геотехникалық аспектілерді бағалау» сұрағы бойынша Азия желісінің аймақтық тобы АТЭХАГ сарапшыларының жыл сайынғы кездесуіне қатысты, кездесу биылғы жылы Таиланд, Бангкок қаласында өтті. Кеңес қатысушылары ядролық қондырғыларды пайдаланудың халықаралық нормативтік-құқықтық талаптары мен геотехникалық қауіпсіздігі әдістерін қарастырды. Кездесу барысында қатысушылар – елдер өкілдері тыңдаушыларды өздерінің топан суды талдау және өзен суының тасуын бағалау, сонымен қатар, ядролық қондырғылар орнатылған телімдерде опырылуларды, көшкіндер мен селдерді болдырмау саласындағы теориялық және практикалық тәжірибелерімен таныстырды.